Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтан, Алматы әуежайларында жолаушылардың салмағы өлшенетін болды

Ұшаққа мінер алдында салмақ өлшеу халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелерінде көзделген. Енді бұл тәжірибені Қазақстан әуежайлары да қолға алып көрмек.

Еске сала кетсек, бұл рәсімді халықаралық әуе көлігі қауымдастығына мүше әуекомпаниялар әр 5 жыл сайын жүргізеді. Бақылау өлшеуі жолаушының жынысына қарай бөлінген арнайы белгіленген жерде ұшуға тіркелгеннен кейін жүзеге асады. Осы орайда Air Astana әуе компаниясы салмақ өлшеудің билет құнына еш әсер етпейтінін мәлімдеді.

-->

«Бұл шара ұшу қауіпсіздігін арттыру мен статистикалық деректерді жинау үшін ғана қажет. Құпия ақпаратты жинауды қарастырмайды. Ал өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар ұтылыссыз лотереяға қатысады», - делінген департамент ақпаратында.