Елорда жаңалықтары

Электромобиль Қазақстанның қай өңірінде көп?

2021 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша Қазақстанда 3,8 млн жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл былтырға қарағанда 1,4% аз. Оның 0,014%-ы ғана электр көліктердің үлесіне келеді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 0,02%-ды құраған. Электромобильдер саны бір жылда 10,1%-ға азайып, биыл маусымның басында 528 көлікке дейін қысқарды. Аталмыш көрсеткіш екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. Мысалы, 2020 жылғы мамырда елімізде 587 электромобиль болған. Электр қуатымен жүретін көліктер саны бойынша Алматы көш басында тұр: бұл қалада 49 электромобиль бар. Екінші орында – елорда (38 электромобиль), үшінші орында Қостанай облысы (11 электромобиль) келеді. Global Electric Vehicles 2021 есебіне сәйкес, былтыр әлемде электромобильдер саны 10 млн-ға жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 43% көп. 2020 жылы компаниялар 3 млн-ға жуық электромобиль сатқан. Оны Еуропа елдері (1,4 млн көлік), Қытай (1,2 млн көлік) және АҚШ (295 мың көлік) сатып алған. Ал жеке тұлғалар оны сатып алуға бір жылда шамамен 120 млрд доллар жұмсаған.

-->