Елордада үш күн ішінде 45 мекемеде карантин талаптары бұзылды
Өткен тәулікте, 8 тамызда Нұр-Сұлтанда 11 кәсіпкерлік нысаны карантинді бұзды. Алматы ауданында мониторингтік топтар "Киш Миш" кафесінде, "ЧБД" түнгі клубында, "Панаехали" және "Сова" барларында карантин режимінің сақталмағанын анықтады. Қоғамдық тамақтану орындары үшін белгіленген жұмыс кестесі Есіл ауданында орналасқан "Lavash Food" және "Bobber Bri" жылдам тамақтану нысандарында, сондай-ақ "Pavilion" мейрамханасында сақталған жоқ. Сонымен қатар, қызметкерлер мен келушілер маска режимін сақтамағаны анықталды. Сарыарқа ауданында карантин бұзушылар тізіміне "El plaza" мейрамханасы, "Карима" кафесі, "Kega mucic bar" бары енді. Сондай-ақ, Байқоңыр ауданында орналасқан "Xalva" мейрамханасында шектеу шаралары сақталған жоқ. Осылайша, 6-8 тамыз аралығында Нұр-Сұлтанда үш күн ішінде 45 мекеме карантиндік шектеулерді бұзды. Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері қоғамдық тамақтану нысандарына келушілерді қабылдауға тыйым салынады. Осыған қарамастан, кейбір кафелер мен мейрамханалар есіктерін жауып алып той өткізген. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.
-->Өткен тәулікте, 8 тамызда Нұр-Сұлтанда 11 кәсіпкерлік нысаны карантинді бұзды. Алматы ауданында мониторингтік топтар "Киш Миш" кафесінде, "ЧБД" түнгі клубында, "Панаехали" және "Сова" барларында карантин режимінің сақталмағанын анықтады. Қоғамдық тамақтану орындары үшін белгіленген жұмыс кестесі Есіл ауданында орналасқан "Lavash Food" және "Bobber Bri" жылдам тамақтану нысандарында, сондай-ақ "Pavilion" мейрамханасында сақталған жоқ. Сонымен қатар, қызметкерлер мен келушілер маска режимін сақтамағаны анықталды. Сарыарқа ауданында карантин бұзушылар тізіміне "El plaza" мейрамханасы, "Карима" кафесі, "Kega mucic bar" бары енді. Сондай-ақ, Байқоңыр ауданында орналасқан "Xalva" мейрамханасында шектеу шаралары сақталған жоқ. Осылайша, 6-8 тамыз аралығында Нұр-Сұлтанда үш күн ішінде 45 мекеме карантиндік шектеулерді бұзды. Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері қоғамдық тамақтану нысандарына келушілерді қабылдауға тыйым салынады. Осыған қарамастан, кейбір кафелер мен мейрамханалар есіктерін жауып алып той өткізген. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.