Елорда жаңалықтары

Шатырдағы түскі ас пен тегін балмұздақ: АҚШ пен Ұлыбританияда жұмысшыларды кеңсеге шақырудың жолын ойластыруда

Мәселен, Goldman Sachs банкі өз қызметкерлерін тегін таңғы ас, түскі ас және балмұздақпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ компания жұмысшыларына Лондондағы Plumtree Court кеңсесінің шатырында тамақтануға рұқсат берілген, бұрынырақ бұл жер король әулетінің мүшелері мен қонақтарына арналған болатын. Havas London медиаагенттігі болса қызметкерлерді кеңсесе шақырудың өзгеше жолын ойлап тапты: енді олар агенттіктің өз асханасын, кафесін және кофеханасын дамытуда. Компания қызметкерлері мәзірге өз ұсыныстарын енгізе алады, осылайша ондағы мәзір әлем елдерінің әртүрлі тағамдарын құрайды. Пандемия басталарға дейін Janus Henderson Group ұйымы қызметкерлерді арзан бағада үш мезгілдік тамақтанумен қамтамасыз ететін. Енді компания бұл қызметті мүлдем тегін ұсынады, мұның есесіне жұмысшылар кеңсеге аптасына екі күн келуі тиіс. Amazon Солтүстік Америкадағы қызметкерлеріне арнап 100 мың шыныаяқ кофені тегін ұсынған, бірақ коронавирустың өршуіне байланысты қашықтан жұмыс істеуді қаңтарға дейін созуға мәжбүр болды. Дегенмен компаниялардың бәрі мұндай белсенді шараларды қолдамайды. Мысалы, Fintech Revolut жақын уақытта қызметкерлерін кеңсеге алдыруды мүлдем жоспарламайды. Сонымен қатар Microsoft кейбір қызметкерлердің қай кезде де үйден жұмыс істей беруіне болатынын мәлімдеген-ді.

-->