ЕАЭО елдерінен 15 мың азамат БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аударды
2019 жылғы 20 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойылды. 2020 жылғы 7 желтоқсанда ҚР «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданып, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. ЕАЭО елдерінің азаматтары басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы кезінде, оларды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін құқықтық реттеу, жұмыс күшінің жүріп-тұру жолында осыған дейін болған кедергіні жоюға мүмкіндік берді және еңбек қызметін заңдастыруға қосымша ынталандырып отыр. Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттің азаматтары сияқты зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие болды. ЕАЭО-ға қатысушы әрбір ел еңбек етушіге оның аумағында жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы төлеуге (экспорттауға) міндеттенеді. Зейнетақыны ЕАЭО-ның басқа елінде тұратынына қарамастан, еңбек етуші өзінің еңбек қызметін жүзеге асырған ЕАЭО-ға мүше мемлекет төлейтін болады. Қазақстанда келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган ретінде БЖЗҚ белгіленді. Қазақстанда, келісім шеңберінде, ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің еңбек етушілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын болады. Өйткені олар ҚР-да тұрақты тұратын азаматтармен және шетелдіктермен тең жағдайда, жыл басынан бастап, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында көзделген тәртіппен аударуды жүргізуде.
-->2019 жылғы 20 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойылды. 2020 жылғы 7 желтоқсанда ҚР «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданып, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. ЕАЭО елдерінің азаматтары басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы кезінде, оларды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін құқықтық реттеу, жұмыс күшінің жүріп-тұру жолында осыған дейін болған кедергіні жоюға мүмкіндік берді және еңбек қызметін заңдастыруға қосымша ынталандырып отыр. Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттің азаматтары сияқты зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие болды. ЕАЭО-ға қатысушы әрбір ел еңбек етушіге оның аумағында жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы төлеуге (экспорттауға) міндеттенеді. Зейнетақыны ЕАЭО-ның басқа елінде тұратынына қарамастан, еңбек етуші өзінің еңбек қызметін жүзеге асырған ЕАЭО-ға мүше мемлекет төлейтін болады. Қазақстанда келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган ретінде БЖЗҚ белгіленді. Қазақстанда, келісім шеңберінде, ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің еңбек етушілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын болады. Өйткені олар ҚР-да тұрақты тұратын азаматтармен және шетелдіктермен тең жағдайда, жыл басынан бастап, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында көзделген тәртіппен аударуды жүргізуде.