Елорда жаңалықтары

Еліміз газ қоры бойынша 22-орынға көтерілді

Ведомство өкілінің айтуынша, қор бойынша мемлекеттік комиссия 3,8 триллион м3 газ қорын бекіткен. Барланған газ қорларының шамамен 98 пайызы Қазақстанның батысында шоғырланған.

-->

Ведомство өкілінің айтуынша, қор бойынша мемлекеттік комиссия 3,8 триллион м3 газ қорын бекіткен. Барланған газ қорларының шамамен 98 пайызы Қазақстанның батысында шоғырланған.

«Негізінен Қазақстанның табиғи газ және газ конденсаттық кен орындарына Амангелді және Шағырлы-Шөмішті кен орындары жатады. Осылайша, Қазақстандағы газ өндірудің 90 пайызын Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз және Жаңажол жобалары қамтамасыз етеді», - деді Жұмабай Қарағаев.