Ең арзан Tesla Қытайда құрастырылады
Оған Model 2 атауы берілді. Оның бағасы – шамамен 25 мың доллар. Өндіріс Tesla Gigafactory Shanghai кәсіпорнында жүргізіледі. Көліктерді құрастыру биыл басталуы мүмкін. Бірақ көліктер әзірге тек Қытайда сатылады. Model 2 көлігі туралы Илон Маск 2018 жылы жариялаған еді. Оның айтуынша, инновациялық аккумуляторлар есебінен өндіріс құны арзандатылады. Өндірістегі киловатт-сағаттың бағасы шамамен екі есе төмендейді. Бір рет қуатталған көлік 560 шақырым қашықтықты еңсере алады. 2021 жылдың екінші тоқсанында Tesla 201 250 электромобиль сатып, 206 421 көлікті құрастырды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе көп.
-->Оған Model 2 атауы берілді. Оның бағасы – шамамен 25 мың доллар. Өндіріс Tesla Gigafactory Shanghai кәсіпорнында жүргізіледі. Көліктерді құрастыру биыл басталуы мүмкін. Бірақ көліктер әзірге тек Қытайда сатылады. Model 2 көлігі туралы Илон Маск 2018 жылы жариялаған еді. Оның айтуынша, инновациялық аккумуляторлар есебінен өндіріс құны арзандатылады. Өндірістегі киловатт-сағаттың бағасы шамамен екі есе төмендейді. Бір рет қуатталған көлік 560 шақырым қашықтықты еңсере алады. 2021 жылдың екінші тоқсанында Tesla 201 250 электромобиль сатып, 206 421 көлікті құрастырды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе көп.