Елорда жаңалықтары

Елімізде күнкөріс деңгейі төмендеп, баға өсті

2021 жылғы шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,4 мың теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (33,7 мың теңге) 14,1%-ға артық. Алайда бір айда ең төмен күнкөріс деңгейі 0,9%-ға азайған. Сонымен қатар азық-түлік тауарлары бір айда 0,7%-ға, азық-түлік болып саналмайтын тауарлар – 0,5%-ға, ақылы қызметтер 0,8%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Маңғыстау облысы көшбасында: 44 мың теңге – республика бойынша орташа мәнмен салыстырғанда 14,3% артық. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (43,4 мың теңге) және Алматы (40,8 мың теңге) енді. Бұл еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 12,8% және 6,2% артық. Үздік бестікте Шығыс Қазақстан (39,6 мың тг) және Павлодар (39,3 мың тг) облыстары тұр. Жоғарыда аталған өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден асады. Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында: 34,7 мың теңге – бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 9,8%-ға аз.

-->