19 миллионыншы тұрғынның отбасына қандай сыйлықтар берілді?
Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев Жанияның үйіне ата-анасын жеке құттықтау үшін барған. Айтулы оқиғаның құрметіне Жанияның отбасына бір миллион теңгенің сертификаты сыйға тартылған. Сондай-ақ, нәрестеге арба, балаға күтім жасауға арналған заттар мен жеміс-жидек салынған себет табысталған. Сонымен қатар, Жанияның екі үлкен әпкесі де шенеуніктерден смартфон сыйға алған. Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
-->Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев Жанияның үйіне ата-анасын жеке құттықтау үшін барған. Айтулы оқиғаның құрметіне Жанияның отбасына бір миллион теңгенің сертификаты сыйға тартылған. Сондай-ақ, нәрестеге арба, балаға күтім жасауға арналған заттар мен жеміс-жидек салынған себет табысталған. Сонымен қатар, Жанияның екі үлкен әпкесі де шенеуніктерден смартфон сыйға алған. Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.