Елордадағы 436 кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасынан шеттетіледі
Айта кетейік, Ashyq жобасына қатысу тегін. Тіркеу InfoKazakhstan платформасында жүргізіледі. Аталмыш процедура ешқандай адамның қатысуынсыз, автоматты түрде өтеді.
-->«Қазіргі таңда елордада 10 566 кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасына қатысады. Қатысушылар саны күн сайын артуда. Олардың арасындағы 108 көшбасшыға жұмыс күнін ұзарту преференциясы берілді. Ал аутсайдерлер, керісінше, жобадан шеттетіледі. Аутсайдер деп отырғанымыз – QR-кодты сканерлеу фактісі 20 реттен аз немесе мүлдем тіркелмеген кәсіпкерлік нысандар. Бүгінде 359 елордалық кәсіпкерлік нысанда QR-кодты сканерлеу фактісі 20-ға жетпейтіні, ал 77 нысанда мүлдем тіркелмегені анықталған. Олар енді екі апта бойы Ashyq жобасынан тыс қалады, яғни олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады», – деді Қ.Мұқаш қалалық әкімдікте өткен онлайн-брифинг барысында.
Айта кетейік, Ashyq жобасына қатысу тегін. Тіркеу InfoKazakhstan платформасында жүргізіледі. Аталмыш процедура ешқандай адамның қатысуынсыз, автоматты түрде өтеді.