Токио-2020: Беларусь құрамасының тағы бір спортшысы Отанына оралудан бас тартты
Ол бұл шешімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қазір спортшы күйеуімен бірге Германияда. Ол Беларусьқа барса бостандығынан ғана емес, өмірінен де айырылатынын жазды. Атлет енді неміс елінде жүріп туған Отанында қысым көрген жақындарының бостандығы үшін күресетінін жеткізді. 32 жастағы Яна Максимова – көпсайыс бойынша Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. Оның күйеуі Андрей Кравченко 2008 жылғы Олимпиада ойындарында он сайыс бойынша екінші орын алған.
-->Ол бұл шешімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қазір спортшы күйеуімен бірге Германияда. Ол Беларусьқа барса бостандығынан ғана емес, өмірінен де айырылатынын жазды. Атлет енді неміс елінде жүріп туған Отанында қысым көрген жақындарының бостандығы үшін күресетінін жеткізді. 32 жастағы Яна Максимова – көпсайыс бойынша Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. Оның күйеуі Андрей Кравченко 2008 жылғы Олимпиада ойындарында он сайыс бойынша екінші орын алған.