«Astana aqshamy» мен «Вечерняя Астана» басылымдарының 30 жылдығына орай ағаш отырғызу шарасы өтті
Ағаш отырғызу рәсіміне елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен арнайы қатысып, басылым қызметкерлерін келе жатқан мерейтойларымен құттықтады.
[caption id="attachment_41208" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
«Бас қаламыздағы «Elorda Aqparat» медиакомпаниясының құрамында «Astana aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттері бар. Қос басылымның тарихы сонау егемендік жылдарымен тұспа-тұс келеді деуге болады. Мерейлі датаға орай бүгін арнайы 30 ағаш отырғыздық. Қос газет қаламызда болып жатқан айшықты оқиғаларды дер кезінде жазып қана қоймай, сыналуы тиіс тұстарымызды уақытында хабарлап отырады. Ұжым қызметкерлерін келе жатқан мерейтойларымен құттықтаймын. Ақпарат майданында талмай қызмет етулеріне тілектеспін», — дейді Бақтияр Мәкен.
[caption id="attachment_41211" align="alignnone" width="1280"]
Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
Қала әкімінің орынбасары сөз арасында мұндай игілігі мол іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қаламызда дәстүрлі түрде жүргізіліп жатқанын айрықша атап өтті.
[caption id="attachment_41205" align="alignnone" width="1280"]

Айта кетейік, «Astana aqshamy» мен «Вечерняя Астана» басылымдарының ең алғашқы саны 1990 жылдың 13 қазанында жарық көрген.