Олимпиада-2020: Закир Сафиуллин бүгін аустралиялық боксшымен кездеседі
Закирдің қарсыласы – Харрисон Гарсайд 1997 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. Әзірге халықаралық деңгейде жоғары табыстарға қол жеткізе қоймаған. Ол Олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңінде Папуа-Жаңа Гвинея елінен келген Джон Умені, одан кейін намибиялық Йонас Йонасты 5:0 есебімен жеңді. Ал Закир Сафиуллин 1986 жылдың 11 қарашасында туған. 2015 жылы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Олимпиадада Закир бірінші іріктеу кезеңінде перулік Леодан Пезоны 5:0 есебімен жеңсе, одан кейін жапониялық Дайсуке Наримацу денсаулық жағдайына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты. Бүгінгі жекпе-жек астана уақытымен сағат 15:35-ке белгіленген. Закир қарсыласын жеңген жағдайда жартылай финалда кубалық Энди Круз және бразилиялық Вандерсон Оливейра жұбының жеңімпазымен бақ сынасады.
-->Закирдің қарсыласы – Харрисон Гарсайд 1997 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. Әзірге халықаралық деңгейде жоғары табыстарға қол жеткізе қоймаған. Ол Олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңінде Папуа-Жаңа Гвинея елінен келген Джон Умені, одан кейін намибиялық Йонас Йонасты 5:0 есебімен жеңді. Ал Закир Сафиуллин 1986 жылдың 11 қарашасында туған. 2015 жылы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Олимпиадада Закир бірінші іріктеу кезеңінде перулік Леодан Пезоны 5:0 есебімен жеңсе, одан кейін жапониялық Дайсуке Наримацу денсаулық жағдайына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты. Бүгінгі жекпе-жек астана уақытымен сағат 15:35-ке белгіленген. Закир қарсыласын жеңген жағдайда жартылай финалда кубалық Энди Круз және бразилиялық Вандерсон Оливейра жұбының жеңімпазымен бақ сынасады.