COVID жұқтырған 10 мыңнан аса адам қоғамдық орынға кіруге тырысқан – А. Цой
Оның айтуынша, Ashyq жобасы аясында мониторинг топтары 50 мыңнан астам нысанды тексеріп, 642 нысаннан заңбұзушылық анықтаған.
-->
«Ashyq жобасына қосылу талаптарын жеңілдетудің арқасында қатысушылар саны 3 есе артты. Мысалы, 27 шілде күні 21 900 қатысушы бар болса, 3 тамызда олардың саны 67 782-ге жетті», - деді министр.
Оның айтуынша, Ashyq жобасы аясында мониторинг топтары 50 мыңнан астам нысанды тексеріп, 642 нысаннан заңбұзушылық анықтаған.
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің деректеріне сәйкес, 10 шілдеден бері 16 663 ереже бұзушы анықталды, оның ішінде 10 305 адам «қызыл» мәртебемен, 6 358 адам – «сары» мәртебемен көпшілік жиналатын орындарға кіргісі келген», - дейді А. Цой.