Елорда жаңалықтары

Елордалық мұғалімдер «Тәуелсіз елдің құрметті педагогтары» атанды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі, эксперименттік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Әбішеваның шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп келе жатқанына 32 жыл толып отыр.

Ал мектептің жаны – мұғалім деп білетін педагог-ұйымдастырушы-куратор Зибагүл Қабылдина мектептің жандануы мұғалімге байланысты дейді:

Осы орайда, байқауға қатысып, мектептің сәл де болса мерейін асырып, оқушыларымыздың арқасында еңбегіміздің еленіп жатқанына қуаныштымын. Байқау шарты бойынша Гүлмира Әбішева және Зибагүл Қабылдина білім саласындағы жұмыстарын, өз портфолиоларын, өткізген ашық сабақтарының бірін жолдап, жоғары бағаға ие болды. Байқаудың жеңімпаздары білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі және «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атанғаны үшін арнайы тағайындалған «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен марапатталып, қатысушыларға «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, куәлік және І дәрежелі дипломдар табысталды.

-->

«Ең алдымен, бұл байқауда үздік атанғанымды естігенде, асқан қуаныш сезімінде, еңбегім бағаланып жатыр деген ойда болдым. Аталған сайыста жас мұғалімдердің көптеп қатысуы, үздік мұғалім атануға деген ұмтылыстары көз қуантады. Менің ойымша, педагогтың бойында өз мамандығына деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық, қарапайымдылық, тіл табысқыш және заман ағымына бейім қасиеттері болу керек», - дейді Гүлмира Ерболатқызы.

Ал мектептің жаны – мұғалім деп білетін педагог-ұйымдастырушы-куратор Зибагүл Қабылдина мектептің жандануы мұғалімге байланысты дейді:

- Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ. Яғни, мұғалім білімді, білікті, еңбекқор болса, ол мектептен оқушылар сапалы білім алып шығатыны хақ. Мектепке ең әуелі педагогика, әдістемені жақсы меңгерген, парасатты, бала оқытуда сабаққа да қызықтыратын, тәлім-тәрбие де беретін мұғалім қажет. Себебі, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – педагог.