Елордалық волонтерлік ұйымдар балаларға қолөнер шеберлігін үйретуде
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Амина Бақыт волонтерлық бағыттағы жобаларды іске асыруға арналған байқауға қатысып грант жеңіп алған. Ол «Ою-өрнек таусылмас қазына, жоғалмас байлық» атты тақырыпты қорғап, қазір де кішкентай жеткіншектерге қолөнерден сабақ беруде.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/07/aef367bc-d987-40ec-b5e8-02c184b4b210-300x200.jpg)
Волонтерлік жобаның жеңіп алған Амина Бақыт қөлөнердегі өз тәжірбиесімен «Bilim all IT» оқу орталығының оқушыларымен бөлісуде.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/07/bb654f17-a51e-4b4b-80b3-c5f785a09a0b-300x200.jpg)
Ақұлан Тастемірдің сөзінше бұл жоба осы жылы да қайталанып жатыр. Биыл қатысушылардың өтінім берулері саны 41-ден астам.
-->Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Амина Бақыт волонтерлық бағыттағы жобаларды іске асыруға арналған байқауға қатысып грант жеңіп алған. Ол «Ою-өрнек таусылмас қазына, жоғалмас байлық» атты тақырыпты қорғап, қазір де кішкентай жеткіншектерге қолөнерден сабақ беруде.
«Менің жасым 14 те. Кішкентай жасыма қарамастан осы жобаны естігелі қатысамын деп шештім. Себебі жобаға 14 жастан 29 жасқа қабылдайтын болды. Өзім бала кезден тігін тігуге, ою-өрнекке қызығатынмын. Осы жобадағы грантты жеңіп алғаным үшін өте қуаныштымын. Жобада жеңіске жеткен соң ақшалай сыяқы беріледі. Мен соған тігін тігу мен қолөнерге арналған құрал-жабдықтарды алдым. Сонымен қатар «Алтын шаңырақ» тігін ательесінен қосымша сабақ алып, қазір де бар білгенімді өзіммен қатарлас және кішкентай құрбы-достарыма үйретудемін», — деді Амина Бақыт.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/07/aef367bc-d987-40ec-b5e8-02c184b4b210-300x200.jpg)
Волонтерлік жобаның жеңіп алған Амина Бақыт қөлөнердегі өз тәжірбиесімен «Bilim all IT» оқу орталығының оқушыларымен бөлісуде.
«Өздеріңіз білетіндей өткен жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «волонтерлер жылы» деп мәлімдеді. Сол жылы волонтерлікті дамыту жол картасын бекіту туралы тапсырма берген болатын. Соның аясында волонтерлік жастарды қолдауға бағытталған 22 грант 300 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. Ол жобаға қала тұрғындары мен басқа да аудандардан 51 өтініш келіп түсті. Шара Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік мәселелерін шешуге, жастардың волонтерлік бастамаларын қолдауға арналған болғандықтан қаламыздағы 22 жеңімпазды қазылар алқасы анықтады. Қазылар алқасының құрамы өте жүйрік болды. Соның ішінде волонтерлерді ұйымдастыратын «Жас ұлан» ұйымы, БАӨ, министрлік қызметкерлері мен үлкен республикалық ұйымдардан өкілдер келіп нақты тияқнақты шешім қабылдап жеңімпаздарды таңдап алды», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.