Елордалық рекордшы әуе кемесін жарты метрге тартып қозғалтты
Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жас спортшы және рекордсмен Алмат Жұманов жаңа рекордтық көрсеткішін орнатты. 1996 жылы дүниеге келген Алмат осыған дейін локомотив пойызын сүйреп рекордтық көрсеткіш қойған болатын. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Qazaq Air әуе компаниясының 26 тонналық әуе кемесін сүйреп, жарты метрге қозғалтты.
Рекордсменнің мақсаты — Токио Олимпиадасына қатысып жатқан спортшыларымызға қолдау білдіру. Айта кетейік, рекорд Bombardier Q400 NextGen ұшағы арқылы жүзеге асырылды. Оның биіктігі 8,4 м, ұзындығы 32,8 м, салмағы 26 тонна, қанат сермеуі 28,4 м.
-->

![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/07/IMG_20210730_201536.jpg)