Полицияға толық сенетіндер 38,7 пайызды құрады: Ұлттық статистика бюросы сауалнама жүргізді
Зерттеу республиканың барлық өңірін теңдей қамтыды. Оған 15 жас және одан жоғары жастағы 18 005 респондент қатысқан.
Сауалнама қатысқан барлық респонденттің 60,6%-ы өзінің тұратын ауданында толық қауіпсіз сезінсе (2020 ж. – 57,4%), 35,7%-ы жеткілікті деңгейде қауіпсіз, 2,4%-ы қауіпсіз емес, 1,1%-ы мүлдем қауіпсіз сезінбейді, 0,3%-ы жауап беруге қиналады.
Респондентердің 40%-ы соңғы 12 айда олар тұратын аудандағы қылмыс деңгейін төмендеді деп есептейді, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,6%-ға көп (37,4).
Сондай-ақ зерттеу барысында сауалнамаға қатысушылардың 31,3%-ы – көшелерді жедел бейнетіркегіштермен (бейнекамералармен) жабдықтау керек; 29,5%-ы барлық көшені жарықпен қамтамасыз ету керек, 27,4%-ы көшелерді жиі күзету, телефон қоңырауларына және халықтың өтініштеріне жедел ден қою қажет, 23,9%-ы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру керек деп есептейді.