Елорда жаңалықтары

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 250 мың теңгеден асты

Салалық құрылым бойынша жіктесек, ең жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру қызметі (472,5 мың теңге), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (461,8 мың теңге), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (356,7 мың теңге), ақпарат және байланыс саласы (338,6 мың теңге) өкілдері алады. Ал ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы (145,6 мың теңге) мен сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою саласы (146,5 мың теңге) қызметкерлеріне тиесілі. Өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді (398,5 мың теңге), бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,6 есе жоғары. Ал Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 189,8 мың теңгені құрады, бұл республикалық орташа деңгейден 24,5%-ға төмен.

-->