Елорда жаңалықтары

Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Айта кетек, КСРО халық әртісі бүгін, 30 шілдеде өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ол академиялық музыкамен қатар қазақтың халық әндерін, кеңес композиторларының әндерін, романстарды, сонымен қатар, итальян және испан тіліндегі әндерді орындайды. Әлібек Дінішев 1951 жылы 7 шілдеде Алматыда дүниеге келген. Қазақстан Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (2001) және Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012).

-->
"Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", - делінген Президент Жарлығында.