Елімізде жыл басынан бері 56 мың тұрғын үй пайдалануға берілді
Биыл тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде ұлғайды. Атырау (188,1%), Қостанай (120,9%), Жамбыл (114,9%), Шығыс Қазақстан (110,5%) және Қарағанды (110%) облыстары көш басында. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл 17 млн м2 жаңа тұрғын үй немесе 163 мың баспана салу жоспарланып отыр. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен - 1,4 млн м2 тұрғын үй немесе 48,3 мың пәтер салынады. "Нұрлы жер" бағдарламасының мақсаты – баспананың қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту. Ол үшін келесі тетіктер қолданылады: * ипотекалық тұрғын үй қарыздарын субсидиялау, * құрылыс салушылардың қарыздарын субсидиялау, * құрылыс учаскелеріне инженерлік-техникалық инфрақұрылым тарту, оның ішінде – жеке құрылысқа арналған аудандар да қамтылады.
-->Биыл тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде ұлғайды. Атырау (188,1%), Қостанай (120,9%), Жамбыл (114,9%), Шығыс Қазақстан (110,5%) және Қарағанды (110%) облыстары көш басында. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл 17 млн м2 жаңа тұрғын үй немесе 163 мың баспана салу жоспарланып отыр. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен - 1,4 млн м2 тұрғын үй немесе 48,3 мың пәтер салынады. "Нұрлы жер" бағдарламасының мақсаты – баспананың қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту. Ол үшін келесі тетіктер қолданылады: * ипотекалық тұрғын үй қарыздарын субсидиялау, * құрылыс салушылардың қарыздарын субсидиялау, * құрылыс учаскелеріне инженерлік-техникалық инфрақұрылым тарту, оның ішінде – жеке құрылысқа арналған аудандар да қамтылады.