«10 игі іс»: Астанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылып жатыр
Жаңа жыл қарсаңында қаладағы жылдағы дәстүр бойынша көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттері тапсырылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл Астана қаласының әкімдігі мен демеуші болған «Petro Retail» компаниясы халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарына және басқа да азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек ретінде азық-түлік жиынтығы қайырымдылық көмек көрсету аясында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойған. Соның аясында бүгін 4-ші мәрте қалада әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеті таратылып жатыр.
Қуаныш Қайратұлының айтуынша, бүгін жалпы саны 45 тоннадан асатын азық-түлік себеттері жеткізіледі.
-->Биыл Астана қаласының әкімдігі мен демеуші болған «Petro Retail» компаниясы халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарына және басқа да азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек ретінде азық-түлік жиынтығы қайырымдылық көмек көрсету аясында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойған. Соның аясында бүгін 4-ші мәрте қалада әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеті таратылып жатыр.
«10 игі іс» акциясы аясында елордада 4 мыңға жуық отбасы азық-түлік себеттерімен қамтылды. Бүгін 1000-ға жуық себет елорданың 5 ауданында әлеуметтік жағынан осал отбасыларға таратылып жатыр. Олар – көпбалалы отбасылары, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Азық-түлік себетінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бар. Атап айтсақ, күнбағыс майы, қант, ұн, сүт және т.б. – деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
Қуаныш Қайратұлының айтуынша, бүгін жалпы саны 45 тоннадан асатын азық-түлік себеттері жеткізіледі.
Осындай қайырымдылық іс-шарасына атсалысқаны үшін «Petro Retail» компаниясына алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ өзге де бизнес өкілдерін, меценаттарды игі іске қатысуға шақырамыз. Қалалық әкімдік мұндай акцияларды жыл сайын ұйымдастырады, - деп сөзін түйіндеді Қуаныш Қайратұлы.