1 млн жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр – Жеңіс Қасымбек
Биыл Астанада 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ әкім көгалдандыру мәселесіне де тоқталды.
-->Биыл Астанада 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жаңа бас жоспарда қалалық ортаны абаттандыруға ерекше назар аударылды. Негізгі қалалық саябақтар мен скверлерді қайта жөндеу, қала көшелерін көгалдандыру қоғамдық кеңістіктер мен қасбеттерді біркелкі дизайн-кодқа келтіру жұмыстарына кірістік. Жалпы 15 қоғамдың кеңістіктер мен 150-ден астам аула абаттандырылады, - деді әкім.
Сондай-ақ әкім көгалдандыру мәселесіне де тоқталды.
Биыл 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Оның ішінде, 452 мың жасыл желек қалада, қалғаны елорда жанындағы «жасыл белбеу» аумағында отырғызылады, - деді Жеңіс Қасымбек.