Елорда ержүректері

Давид Шарипов: Біз волонтерлік мәдениетті қалыптастырып жатырмыз

Давид Шарипов – елордадағы ең жас еріктілердің бірі. Ол 17 жаста. Біздің кейіпкеріміз жастығына қарамастан, «Астана жастарының» ҚММ белсенді волонтері және тәлімгері, «Үздік әлеуметтік көмекші» сыйлығына үміткер. Elorda.info тілшісіне берген сұхбатында Дэвид өзінің волонтерлік қызметі туралы мәліметтермен бөлісті.

- Давид, волонтерлік сіздің өміріңізде қандай рөл атқарады?

 

- Қандай волонтерлік жоба сіз үшін ең маңызды болды және несімен есте қалды?

-Өзіңіз таңдаған волонтерлік ұйымдағы немесе жобадағы Сіздің міндетіңіз бен рөліңіз қандай?

 

 

- Волонтерлік қызмет барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

давид.jpg

– Еріктілік сізді адам ретінде де, кәсіби маман ретінде де қалай өзгертті?

– Волонтерлік қызметті бастағысы келетіндерге қандай кеңес берер едіңіз?

- Еріктілер  қатарына қалай қосылуға болады?

Сұхбаттасқан, Сабина Арыстан

-->

- Давид, волонтерлік сіздің өміріңізде қандай рөл атқарады?

Волонтер – ең алдымен жан-жақты адам деп есептеймін. Мен қоғамға көбірек пайдамды тигізгім келді. Маған алғашқы кезде бұл іске  тәжірибем жоқтығанан бейімделу кету өте қиын болды. Ең алғаш рет 2022 жылдың қысында елорда тұрғындары мен қонақтарына орталық базар маңында ыстық шай мен бауырсақ тараттым. Бұған дейін «Аманат» партиясының жастар қанатының мүшесі болдым. Қазір «Астана жастары» ҚММ-мен бірге жұмыс істеймін. Жастар қозғалыстарымен және басқа да ерікті ұйымдармен жұмыс істеп тәжірибе жинақтадым.   

 

- Қандай волонтерлік жоба сіз үшін ең маңызды болды және несімен есте қалды?

Менің волонтерлік жұмысымдағы ең маңызды жоба «Қамқорлық мекені» жобасы болды. Жоба аясында біз волонтер ретінде әлеуметтік осал отбасыларға азық-түлік себетін жеткіземіз. Сонымен қатар, жалғызбасты қарттарға барып хал-жағдайын сұрап, көмектесу жобасын үйлестіреміз. Мен   көмекке мұқтаж зейнеткерлерге үнемі барып тұрамын. Өзге еріктілермен  бірге оларға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерін сатып алып береміз.  Түрлі осындай қайырымдылық шараларға волонтерлік қызметтерді ұйымдастыру үшін бізде әлеуметтік желілерде ортақ топтарымыз бар. Қызығушылық танытқандар болса біздегі осы топтарға қосыла алады.

-Өзіңіз таңдаған волонтерлік ұйымдағы немесе жобадағы Сіздің міндетіңіз бен рөліңіз қандай?

Біздің ұжымда мен әлеуметтік және экологиялық жобаларға жауаптымын. Сенбіліктерді ұйымдастыру, азық-түлік жеткізу, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесемін. Биыл мен «Үздік әлеуметтік көмекші» номинациясы бойынша «Жыл еріктісі» байқауына қатысып жатырмын және қоғам тарапынан қолдау күтемін.

 

 

- Волонтерлік қызмет барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Соңғы уақытта акцияларымыздың арқасында бізді қолдайтындар көбейіп келеді. Кейде біздің күшімізге сенбейтіндерді кездестіреміз. Олар арандатушы пікірлер жазып, беделімізді түсіруге тырысады. Мәселен, футболдан Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчы аяқталғаннан кейін біз бірден трибунадан кетпей, айналадағы қоқыстарды жинауға кірістік. Кең ауқымды шараға белсенділер, «Астана жастары» КММ еріктілері және көптеген жанкүйерлер қосылды. Осы шара түсірілген видео Instagram желісінде жарияланғаннан кейін кейбіреулер бізді біреулер мәжбүрлеп жасатып жатыр, деп жазды. Тіпті біздің  университет студенттері екенімізді айтып, сол жерде «тәуір баға алу үшін істеп жатыр»,- дегендер де болды.    Олар бұл көзбояушылық үшін жасалып жатқан қойылым деп те жазды.    Шындығында, бұл еріктілердің жеке бастамасы болды. Мұндай мысалдар бізде жеткілікті.

давид.jpg

– Еріктілік сізді адам ретінде де, кәсіби маман ретінде де қалай өзгертті?

Волонтерлік қозғалысқа кірмес бұрын мен көп танысым жоқ, өте жеке адам едім. Қазір менің достарым көп. Ең бастысы, түрлі салада тәжірибе жинақтадым. Әлеуметтік желідегі жазылушыларымның саны да артты. Күн сайын жаңа таныстар қосылады. Мен өзімнің көшбасшылық қабілеттерімді және сыни тұрғыдан ойлауымды дамыттым. Мен волонтерлік бастамаларды қалай жасау керектігін білемін. Волонтерлік қозғалыстың арқасында мені біледі және қала тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылау және шешу үшін маңызды кездесулерге шақырып жатады.  Бұл қоғамдағы  мәселені бірлесе  шешуге үлес қосуға мүмкіндік береді.  Мен күнделікт барлық  мәселелерді Instagram және Facebook аккаунттарым арқылы таратамын.

– Волонтерлік қызметті бастағысы келетіндерге қандай кеңес берер едіңіз?

Біз адамдарға өзімізде бар нәрсемен қамқорлық жасау керектігін үлгі еттік. Еріктілер көшелерді тазалап, адамдарға көмектесіп қана қоймайды. Біз волонтерлік мәдениетті қалыптастырып жатырмыз және адамдар бізге күн сайын сенеді. Дүние жүзінде  еріктілер қозғалысына қосылғысы клетіндер саны күн санап артып келеді - бұл трендке айналуда. Қазақстандық БАҚ-та мен туралы айта бастағаннан кейін көптеген жазылушылар біздің қозғалысқа қалай қосылуға болатынын білу үшін әлеуметтік желілерде маған хат жаза бастады. Күн сайын шамамен 5-10 адам қалай волонтер боламын деген сұрақпен жазады.  Мен болашақ волонтерлерге мынандай кеңес бергім келеді: Епті және батыл болу, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және өз беттерімен жұмыс істеуге дағдылану керек. Қазіргі таңда бұл өте маңызды.

- Еріктілер  қатарына қалай қосылуға болады?

Біздің командаға қосылу үшін біз әртүрлі сұрақтар қойып, кеңестер беріп, жауапкершілікке шақыратын қабылдау өткіземіз. Болашақ еріктілер бізге қосылу арқылы өздеріне белгілі бір міндеттемелер алатынын түсінуі маңызды. Бізде қатаң іріктеу процесі жоқ және өзгег көмектескісі келетіндердің барлығына құшағымыз ашық. Алайда біз әрбір адам осы бастамаға байыппен қарау арқыла ғана, өз мақсаттарына қол жеткізе алғанын қалаймыз. Командамызға қосылғысы келетіндерге Instagram парақшам арқылы да көмектесемін. Мен үшін волонтерлік жаныма жақын іс.   Бірлескен күш-жігер, игі істер, пайдалы істер арқылы біз тек астанамызда ғана емес, бүкіл елімізде өмірді жақсарта аламыз.

Сұхбаттасқан, Сабина Арыстан