Астаналық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды (ВИДЕО)
Астана қаласы «Сарыарқа» ауданындағы тұрғын үй ауласында газ баллонды жабдық орнатылған жеңіл көлік өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндіріп, жарылыстың алдын алды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелерін аулаларда машиналарды тұраққа өрт сөндіру автокөліктеріне кедергі жасамайтындай қылып қоюға шақырады.