Астана әкімдігі Галина Дувановаға бір бөлмелі пәтер сыйлады
2023 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласы атынан сынға түскен жерлестеріміздің арасынан ең үздіктері марапатталды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Биыл көптеген жарыстарда бақ сынап, астаналық спортшылар қоржынымызға жалпы 6 072 медаль алып келді. Оның 2 245-сі – алтын, 1 952-сі – күміс және 1 875-сі – қола.
Осы орайда Бейбітшілік және келісім сарайында марапаттау кеші ұйымдастырылып, ел алдында жүрген спорт саңлақтары бас қосты.
Ерлер арасында жыл спортшысы номинациясы:
Нұрбек Оралбай (бокстан әлем чемпионы).
2023 жылы көптеген спортшыларымыз Олимпиада бағдарламасына кіретін салмақтардан әлем чемпионатында бақ сынады. Нәтижесінде тек бокстан ғана Қазақстанға 2 алтын бұйырды. Соның бірі – 80 келідегі Нұрбек Оралбай.
Әйелдер арасында жыл спортшысы:
Жәмила Бақбергенова (әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері).
Жәмила Сербияда өткен әлем чемпионатында 72 келіде 3 жыл қатарынан жүлде әперген алғашқы отандық спортшы атанды.
Пара спорт түрлері бойынша әйелдер арасында жыл спортшысы:
Ақмарал Науатбек (пара дзюдодан әлем чемпионы, Жазғы Азия Пара ойындарының жеңімпазы).
Пара дзюдодан ең жеңіл салмақтағы Ақмарал Науатбек өзі қатысқан айтулы бәсекелерде топ жарды. Сондай-ақ, ол пара дзюдодан Азия Пара ойындарында ел тарихындағы бірінші алтынды әперді.
Пара спорт түрлері бойынша ерлер арасында жыл спортшысы:
Ерғали Шәмей (пара дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия Пара ойындарының жеңімпазы)
Пара спорт түрлері бойынша жылдың үздік бапкері:
Дәурен Оразов (пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы).
Жылдың үздік бапкері:
Асқар Еркебаев (Бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы).
Егіз Айбек және Нұрбек Оралбайды баптайтын Асқар Еркебаев әлем чемпионын шығарып қана қоймай, жазғы Спартакиадада 80, 92 келі салмақта бірінші нөмірлі боксшылар екендіктерін қайта дәлелдеді.
Жылдың үздік федерациясы:
Астана қаласының ұлттық және Олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы.
Ұлттық спорт түрлері бойынша жылдың үздік спортшысы:
Гүлнар Базарәлиева (Тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері).
Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер мектебі:
Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі.
Азия пара ойындарында Астана қаласы 2 алтын, 1 күміс, 2 қолаға ие болып, облыстық рейтингте 1-орынға ие болды.
Жыл серпіні:
Нұржан Батырбеков (Джиу-джитсудан Жазғы Азия ойындарының чемпионы).
Жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан ешкім Нұржаннан алтын күтпеген еді. Алайда 19 жастағы жас спортшы көпшілікті таңғалдырып, чемпион атанды.
Жыл серпіні:
«Жеңіс» футбол клубы.
Бірнеше жыл бұрын ғана қайта құрылған «Жеңіс» клубы бірінші лигада жүлдегерлер қатарына кіріп, Премьер-лигада ойнауға мүмкіндік алды.
Жыл меценаттары: Дмитрий Инютин, Асхат Мұқашев, Әсет Нұрғожин, Қуаныш Нұртақов.
Сондай-ақ іс-шара барысында джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері, 24 жастағы Галина Дувановаға бір бөлмелі пәтер сыйға берілді.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Биыл көптеген жарыстарда бақ сынап, астаналық спортшылар қоржынымызға жалпы 6 072 медаль алып келді. Оның 2 245-сі – алтын, 1 952-сі – күміс және 1 875-сі – қола.
Осы орайда Бейбітшілік және келісім сарайында марапаттау кеші ұйымдастырылып, ел алдында жүрген спорт саңлақтары бас қосты.
Биылғы 2023 жыл баршамызға спорт саласында жеңісті тұғыр, жұлдызы оңынан туған сәттерге толы болды. Республикалық та, халықаралық жарыстарда да жерлестеріміз әлемдік қауымдастық алдында ел абыройы мен мәртебесін арттырды.
Пара спортшыларымыз халықаралық жарыстарда, Паралимпиада, Азия Пара ойындары сияқты ел намысы сыналатын маңызды додаларда жарқын жеңістерімен қуантып, әркез ел үмітін ақтап келеді. Мәселен, Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарынан елордалық спортшылар елге 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен оралды.
Қалалық әкімдік елорданың спорт ұйымдары мен спортшыларына жүйелі түрде қолдау көрсетуде. Мысалы, қалада спорттық инфрақұрылымдар жаңғыртылуда, жаңа спорт кешендері мен алаңдар салынуда. Солардың бірі – биыл қала күніне ашылған «Үркер» тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Ал келесі жылы Қажымұқан Мұңайтпасов көшесіндегі спорт орталығының («Қазақстан» СК жанында) құрылыс жұмыстары аяқталады.
Қазіргі таңда қаланың 4 ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланғанын атап өткім келеді. Жыл соңына дейін «Теміржол» тұрғын алабында жаңа спорт кешенін іске қосылу жоспарланған.
Бұл атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі ғана. Алда әлі талай жүзеге асыратын жобалар бар.
Баршаңызға келер Жаңа жылда жаңа жетістіктер тілеймін! Елдің үміті мен тілегін арқалап, сенім үдесінен шыға білетін білекті де жүректі спортшыларымыздың қатары көбейе берсін! – деп Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен жылды қорытындылады.