Елорда ержүректері

«Нәтиже – 30 секундта»: Қатерлі тері ауруын анықтайтын қосымша пайда болды

Медицинада тері арқылы адам денсаулығындағы ақауларды анықтауға болады. Туғаннан теріге шыққан нүктедей дақты қалыпты жағдай деп қабылдаймыз. Халқымыз жаңа туған сәбиге Меңдіқыз, Меңдігүл, Қалдыгүл, Қалжан деген есімдерді қойғанда денесіндегі мең  немесе қалына қарап ырымдағаны белгілі. Нүктедей дақты қалыпты жағдай деп қабылдасақ,  қызыл, ісінген, бөртпе жараға «өзі жазылып кетеді» деп мән бермей жатамыз. Онколог дәрігерлер қалды алып тастауға кеңес береді. Себебі мұндай дақтар терінің қатерлі ісігі ауруын тудыруы мүмкін. Осыған байланысты жақында елордалық оқушылар тері ауруларын анықтайтын қосымша жасап шығарғанын хабарлаған едік. Elorda.info тілшісі арнайы платформа жұмысымен танысу үшін Назарбаев зияткерлік мектебіне барып қайтты.

Елімізде меланоманың анықталуы жыл сайын артып келеді. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында жиі кездеседі. Елімізде 2021 жылы 4 мың адамда терінің қатерлі ісігі анықталған. Бұл мәселе елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінінің оқушыларын назардан тыс қалдырмады. «DermaMarker» деп аталған қосымша терідегі пигменттің зақымдануын анықтайды. Жоба авторы Томирис Ыдырысбаеваның айтуынша, қосымша терінің пигментті түзілуінің 9 түрлі диагнозын анықтайды.

Қосымша пигментті суретке түсіру арқылы диагностика жүргізеді. Фотосуретті платформаға жүктегеннен кейін 5 ұқсас нәтиже көрсетіледі. Қазіргі таңда жас өнертапқыштар қосымшаның жаңа нұсқасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Нәтижені 5 секунд ішінде көрсететін платформа ұқсас аурудың ықтималдылығын пайыздық көрсеткішпен шағарып, қолданушыға арналған ұсыныс та береді.

Жобаның бірлескен авторы Арай Камалиеваның айтуынша, қосымша алдағы жазда пайдаланушыларға қолжетімді болады.

Денедегі пигментті тексеру өте оңай. Ол үшін суретке түсіретін телефон болуы жеткілікті. Денедегі нүктелі дақтың қауіптілігін нейрондық жүйе, яғни жасанды интеллект анықтайды. Ал қосымшаға қажетті арнайы сайтты 11-сынып оқушысы Әмір Жақсылық әзірлеген. Ол Гарвард университетінің dataset негізінде пациенттің фотосуреттерінен ұқсас диагноздарды анықтайтын нейрондық желіні жасады.

Елордадағы Көпсалалы медицина орталығының онкодерматологі Марат Мәулетбаевтың сөзінше, меланоманың ашық реңкті адамдарда болу ықтималдылығы жоғары болып келеді.

Елордалық оқушылардың жобасына Алматы қаласының дәрігерлері қызығушылық танытып отыр. Алдағы уақытта жас өнертапқыштармен кездесу жоспарлануда. 

Айта кетейік, 11 наурыз күні елордалық оқушылар Ташкент қаласында өткен Орталық Азия елдерінің стартап жобалар көрмесіне қатысып келді. Көрмеде «DermaMarker» қосымшасы «Терең үңілу» деген номинациясына ие болды.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

-->

Бұл туралы идея маған 9-10-сынып оқып жүргенде келді. Өзіме тері күтімі туралы тақырып өте қызық. Сол кезде тері ауруларының қаншалықты өзекті екенін білдім. Адамдар көп жағдайда теріні күннен қорғамайды. Сол себепті түрлі аурулар пайда болады. Ал жоба ретінде бұл жұмыс 2022 жылдың шілде айында басталды. Алғаш рет қосымшаны Өзбекстанда стартаптар жобасында таныстырдым. Кейін біз топ болып жұмыс істей бастадық. Қаржылық жоспар құрып, нарықты зерттедік. Адамдардан сауалнама алдық. Сауалнамаға қатысушылардың көбі 25 жасқа дейінгі адамдар болды. Бірақ адам жасы ұлғайған сайын тері аурулары асқынуы мүмкін деген болжамға келдік,- дейді Томирис Ыдырысбаева.

Қосымша пигментті суретке түсіру арқылы диагностика жүргізеді. Фотосуретті платформаға жүктегеннен кейін 5 ұқсас нәтиже көрсетіледі. Қазіргі таңда жас өнертапқыштар қосымшаның жаңа нұсқасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Нәтижені 5 секунд ішінде көрсететін платформа ұқсас аурудың ықтималдылығын пайыздық көрсеткішпен шағарып, қолданушыға арналған ұсыныс та береді.

Жобаның бірлескен авторы Арай Камалиеваның айтуынша, қосымша алдағы жазда пайдаланушыларға қолжетімді болады.

Терінің қатерлі ісігі онкология ауруларының ішінде үшінші орында тұр. Бұл тері меланомасымен ауыратындардың саны артып келе жатқанын көрсетеді. Бірақ кез келген дерт алдын ала анықталса, оны емдеуге болады. Сол себепті біздің қосымша көп адамдарға көмек көрсетеді деп ойлаймын. Платформа толық іске қосылған соң, қолданушыға 7 күн тегін болады. Кейін ақылы болады. Мысалы, айына 600 теңге деп қарастырып отырмыз. Егер де жазылымды бірден 3 айға сатып алса – 800 теңге, 1 жылға 1300 теңге болатынын жоспарлап отырмыз. Бүгінде жобаны толық іске асыру үшін шамамен 3 млн теңге қаржы керек, - дейді Арай Камалиева.

Денедегі пигментті тексеру өте оңай. Ол үшін суретке түсіретін телефон болуы жеткілікті. Денедегі нүктелі дақтың қауіптілігін нейрондық жүйе, яғни жасанды интеллект анықтайды. Ал қосымшаға қажетті арнайы сайтты 11-сынып оқушысы Әмір Жақсылық әзірлеген. Ол Гарвард университетінің dataset негізінде пациенттің фотосуреттерінен ұқсас диагноздарды анықтайтын нейрондық желіні жасады.

Елордадағы Көпсалалы медицина орталығының онкодерматологі Марат Мәулетбаевтың сөзінше, меланоманың ашық реңкті адамдарда болу ықтималдылығы жоғары болып келеді.

Терінің қатерлі ісігі – күннің көзіне байланысты туындайтын ауру. Ол көп жағдайда күннен қорғанбаудың салдарынан болып жатады. Айына бір рет денедегі немесе басқа да нүктелі дақтарды мұқият тексерген жөн. Сондықтан да қатты ыстық күндері теріні қорғап, қажетті жақпамай жаққан дұрыс. Қазір күннен қорғану үшін түрлі косметикалық құралдар бар, одан бөлек жеңі бар киімдер киген де дұрыс. Негізі таңғы 10:00-ден кешкі 16:00-ге дейін күннің түсуі жоғары болады. Сондықтан да осы уақыттар аралығында күн астында көп жүрмеу керек. Бүгінде біздің орталықта меланома анықталған 6 науқас ем қабылдап жатыр, - дейді Марат Мәулетбаев.