Елорда ержүректері

Елордалық оқушылар тері ауруларын анықтайтын қосымша жасап шығарды

Елордадағы NIS оқушылары тері ауруларын диагностикалаудың жолын тапты, деп хабарлады Elorda.info.

Үш жыл бұрын Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Томирис Ыдырысбаева күн сәулесінің әсерінен қарапайым меңнің өлімге әкелуі мүмкін екенін естиді. Оқушының айтуынша, Қазақстанда тері меланомасымен ауырғандардың қырық пайызы кеш анықталғандықтан, дерт асқынып кетеді және көп жағдайда пациентті аман алып қалу қиын. Ал диагноз ерте анықталған жағдайда тоқсан пайыз ауруды емдеуге болады.

Төрт оқушыдан құралған топ терідегі қартаю дақтарын сканерлеуге негізделген тері ауруларының жедел диагностикасын ұсынады.

«DermaMarker» деп аталатын қосымша – денедегі терінің пигментті (қал, мең) зақымдануын сканерлейтін және олардың қауіптілігін нейрондық желі (жасанды интеллект) арқылы талдайтын платформа. Платформа терінің пигментті түзілуінің 9 түрлі диагнозын анықтайды.

Қосымшаға қажетті арнайы сайтты құрастырумен 11-сынып оқушысы Әмір Жақсылық айналысқан. Ол Гарвард университетінің dataset негізінде пациенттің фотосуреттерінен ұқсас диагноздарды анықтайтын нейрондық желіні жасады.

Зияткерлер кері байланыс негізінде сайттың толық нұсқасын көпшілікке ұсынбақ. Сайтты сәтті іске қосқаннан кейін мобильді қосымшаны әзірлеу және пайдаланушылар санын арттыру жоспарланған. Сондай-ақ олар бәсекеге қабілетті жүйені әлемдік нарыққа шығаруды де көздеп отыр.

-->

Адамдар дерматолог маманға жұмыстың көптігінен бара алмайтындарын айтып жатады. Бұл ауруды асқындырып алудың бірден-бір себебі. Зерттеу кезеңінде біз қатерлі ісік ауруларының шамамен он төрт пайызы Қазақстандағы тері қатерлі ісігіне жататынын білдік. Әрине, өте қорқынышты статистика, – дейді 11-сынып оқушысы Томирис Ыдырысбаева.

Төрт оқушыдан құралған топ терідегі қартаю дақтарын сканерлеуге негізделген тері ауруларының жедел диагностикасын ұсынады.

«DermaMarker» деп аталатын қосымша – денедегі терінің пигментті (қал, мең) зақымдануын сканерлейтін және олардың қауіптілігін нейрондық желі (жасанды интеллект) арқылы талдайтын платформа. Платформа терінің пигментті түзілуінің 9 түрлі диагнозын анықтайды.

Елімізде тері ауруларын алдын-алатын қосымша әлі жоқ. Сондықтан біз осы салада өз үлесімізді қосқымыз келді. Бұл жоба Қазақстанда тері қатерлі ісігінен болатын өлім-жітімнің алдын алу үшін тері ауруларын уақытылы диагностикалауға мүмкіндік береді,– деп атап өтті бірлескен автор Арай Камалиева.

Қосымшаға қажетті арнайы сайтты құрастырумен 11-сынып оқушысы Әмір Жақсылық айналысқан. Ол Гарвард университетінің dataset негізінде пациенттің фотосуреттерінен ұқсас диагноздарды анықтайтын нейрондық желіні жасады.

 Платформа фотосурет арқылы тері пигментін диагностикалауды ұсынады. Фотосурет жүйеге телефон арқылы жүктеледі. Фотосуретті сәтті жүктегеннен кейін оның белгішесі экранға шығарылып, осылайша нейрожелі 5 секунд ішінде латын атауларымен ұқсас нәтижелерді көрсетеді, – деп түсіндірді жас новаторлар. 