Кәмелетке толмаған елордалықтар кәйіп қуып жүр
Олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша хаттама толтырылған. Енді жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында жүргені үшін олардың ата-анасымен қатар көңіл көтеру орындарының иесі де жауапқа тартылады. Ғимарат иесіне қатысты материал жинақталып, әкімішілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.
-->«Ювеналдық полиция учаскелік инспекторлары сағат 22.40-та «Текила» клубында жүрген кәмелеттік жасқа толмаған 22 жасөспірімді анықтап, полицияға жеткізді. Олар салынған тыйымға қарамастан, клубта досының туған күнін атап өтпек болған», - деп мәлімдеді қалалық ПД баспасөз қызметі.