Елорда ержүректері

Елордада жыл соңына дейін 10 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

Бұл ретте «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы үй кезегінде тұрған кез келген адам өтінім бере алады. Сондай-ақ жұмыс істейтін жастардың жалдамалы пәтер алуына мүмкіндігі бар. Биыл бұл бағдарламамен 29 жасқа дейінгі мыңнан астам азаматқа пәтер беру жоспарланған.

Еске сала кетсек, қазір бас қалада үй кезегінде тұрғандар саны 50 мыңға жуықтайды.

-->
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы», «Бақытты отбасы» сынды бағыттары бар. Бұл жеңілдетілген несиемен тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасы, толық емес отбасы және мүгедек баласы бар отбасына арналған. Екі пайызбен берілетін баспананың алғашқы жарнасы – 10 пайыз, 20 жылға дейін қарастырылған. Өтінім «Отбасы» банкі арқылы қабылданады», - дейді қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бас маманы Әнуар Рақыш.

Бұл ретте «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы үй кезегінде тұрған кез келген адам өтінім бере алады. Сондай-ақ жұмыс істейтін жастардың жалдамалы пәтер алуына мүмкіндігі бар. Биыл бұл бағдарламамен 29 жасқа дейінгі мыңнан астам азаматқа пәтер беру жоспарланған.

«Жұмыс істейтін жастарға арналған мемлекеттік бағдарлама бар. Сол бойынша жалдамалы тұрғын үй жастарға сатып алу құқығынсыз, 5 жылға беріледі. Ол – жастардың сол 5 жылда депозиттеріне ақша жинап, кейін сатып алуларына мүмкіндік болатындай жеңілдетілген бағыт. Былтыр осы бағытта 350 пәтер берілді. Ал биыл жыл соңына дейін 1 050 пәтер беру жоспарлануда», - дейді Әнуар Рақыш.

Еске сала кетсек, қазір бас қалада үй кезегінде тұрғандар саны 50 мыңға жуықтайды.