Елорда ержүректері

Елорда тұрғындары жұртты екпе алуға шақырды

Екпені стационарларда тәулік бойы пациенттердің денсаулығы үшін күресіп жүрген медицина қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар қоғам қайраткерлері, спортшылар, әртістер, еріктілер, танымал тұлғалар мен елорда тұрғындары да қолдайды. Ғалымдар мен дәрігерлер екпе алғандардың коронавирусты әлдеқайда аз жұқтыратынын, тіпті жұқтырған жағдайда да ауру жеңіл өтіп, өлім-жітімсіз аяқталатынын айтады. Вирус үнемі құбылып отыратынын ескерсек, жұрт иммундаудан неғұрлым тез өтсе, соғұрлым қауіпті аурудың таралуын тоқтата алады. Вакцинацияның арқасында ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қалыпты өмірге оралуға, үлкен дастарқан басында бас қосуға, жаттығуларға баруға, сүйікті жерлеріңізде серуендеуге, денсаулығыңызға алаңдамай кездесулер өткізуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 376 мыңнан астам адам алды, ал 295 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

-->
«Вакцина алғаннан кейін өзіңді жайлы сезінесің, өйткені, өзіңді осылай қауіптен қорғайсың. Вакцинация – өмірді бұрынғы қалпына келтірудің жалғыз жолы. Бәрінің вакцина алуын кеңес етемін», - деді елорда тұрғыны Гүлшарат Нұрғалиева.