Елорда ержүректері

Нұр-Сұлтанда кісі тонағандар «Iphone табу» қосымшасы арқылы қолға түсті

Жігіттің айтуынша, ол кешке кездесуден қайтып келе жатқан. Кравцов көшесінің бойындағы зираттардың жанында оған екі жігіт келіп, телефонын беруді талап еткен. Ол беруден бас тартқан. Алайда бұзақылар жігітті ұрып, оның «iPhone 7» маркалы телефоны мен құлаққабын алып, жасырынған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде мобильді қосымша арқылы телефонның қай жерде екені анықталды. Телефонды ұрлаған екі жігіт те сол жерде болған. Күдіктілер ұсталып, Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Телефон иесіне қайтарылды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандардың қала аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

-->