Елорда ержүректері

Елордада вакцина алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады

Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың алтыншы ұтыс ойыны 14 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді. Алтыншы ұтыс ойынына 7 тамыз бен 13 тамыз аралығында (қоса алғанда) вакцинацияланғандар қатысады. Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын апта сайын өткізеді. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Елорда әкімдігі вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды жүлделердің ұтыс ойынын апта сайын өткізіп тұрады. Мысалы, 9 шілдеден бастап вакцинацияланғандар арасында iPhone 12 телефонының 13 данасы, төрт тоңазытқыш, үш теледидар, екі планшет, үш микротолқынды пеш, бес принтер, екі бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы және ауа ылғалдандырғыш ойнатылды. Апта сайынғы ұтыс ойынынан бөлек, биыл қыркүйек айында вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Оны осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі. Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО-ның вакцинация пунктінде екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді. Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің және жақындарының денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу.

-->