Елорда ержүректері

Елордада карантин талаптарын бұзған тағы 9 мекеме анықталды

Қала әкімдігінің мәліметінше, Есіл ауданындағы «Панаехали» барында елорданың бас санитарлық дәрігері қаулысының талаптары бұзылғаны анықталды, келушілер мен мекеме әкімшілігі маска режимін сақтамаған, сонымен қатар кальян шегу бойынша қызметтер көрсетілді. Сарыарқа ауданында карантин талабын бұзушылар тізіміне «Pivovaroff» мейрамханасы, «PS4» ойын клубы енді. Алматы ауданында белгіленген уақыттан кейін «Бар Graff.in», «Куры Гриль» асханасы, «Рыба моей мечты» караоке бары жұмысын жалғастырды. Байқоңыр ауданында орналасқан «Панаехали», «Шашлыкоff» барларында, «Жасмин» кафесінде карантин сақталған жоқ. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді. Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауыратындар санының өсуі жалғасуда. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

-->