Елорда ержүректері

Елордалық спортшы жүзуден Паралимпиада ойындарына қатысады

Сиязбек Далиев – жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылы өткен пара Азия ойындарының жеңімпазы және биылғы ашық Еуропа чемпионатының жеңімпазы. Сиязбек Паралимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр.

Сиязбек табысты спортшы ғана емес, бақытты отбасының отағасы, екі ұлдың әкесі.

Сиязбек жарақат алып, қос қолын жоғалтқанға дейін түрлі спорт түрімен айналысқан. Солардың бірі – күрес. Спортшының айтуынша, оған бұл спорт түрі қатты ұнаған, жетістіктері де көп болған. Дегенмен спортшының өмірінде қиын күндер туып, жарақаты болашақ чемпионның өмірін күрт өзгертті.

-->

«Бұл мен үшін үлкен бақыт және жауапкершілік. Еліміз және елордамыз үшін мақтаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Пара Азия ойындарындағы жеңісім үлкен мүмкіндіктер ашты. Осыдан 10 жыл бұрын ел намысын Паралимпиада ойындарында қорғайсың десе сенбес едім», - деді Сиязбек.

Сиязбек табысты спортшы ғана емес, бақытты отбасының отағасы, екі ұлдың әкесі.

«Арманым жұртты жігерлендіріп қана қоймай, еліміздегі Паралимпиада спортының дамуына өз үлесімді қосу. Біз Ұлттық Паралимпиада комитетінен, елорда әкімдігінен және спорт басқарамасынан жан-жақты қолдау көріп жүрміз. Пара спорттың дамуы үшін жыл сайын спортшыларға барлық жағдай жасалуда. Соңғы жылдары елордамызда пара спорттың деңгейі айтарлықтай өсті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт орталықтары мен арнайы залдар көптеп ашылуда. Қазіргі басты мақсатым – алдағы Паралимпиада ойындарында үздік үштіктің қатарына кіру. 2009 жылы Токиода жасөспірімдер арасында өткен Азияның пара ойындарынан екі күміс және екі қола жүлдемен оралған болатынмын. Араға 12 жыл салып, сол жетістігімді қайталаймын деген үміттемін», - деді спортшымыз.

Сиязбек жарақат алып, қос қолын жоғалтқанға дейін түрлі спорт түрімен айналысқан. Солардың бірі – күрес. Спортшының айтуынша, оған бұл спорт түрі қатты ұнаған, жетістіктері де көп болған. Дегенмен спортшының өмірінде қиын күндер туып, жарақаты болашақ чемпионның өмірін күрт өзгертті.

«Өмірлік мақсаты жоқ жандарды көргенде жаным ашиды. Уақыт - адамның басты құндылығы. Оны бос өткізуге болмайды. Әрқашан арманыңа сеніп алға ұмтылу керек», - деді пара жүзуші.