Елорда ержүректері

Елорданың жедел жәрдем қызметі КВИ-мен ауыратын науқастар жайлы айтты

Ахуалдық орталықтың мәліметінше, 30 шілде күні таңертең КВИ бар 238 пациент жансақтау бөлімінде, 45 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Еске салсақ, ахуалдық орталық 2020 жылғы маусым айында қаланың медициналық мекемелерінің жұмысын үйлестіру және коронавирус анықталған пациенттерді стационарларға біркелкі бөлу үшін құрылған.

Мамандардың айтуынша, науқастар санының өсуіне байланысты жедел жәрдем, оның ішінде МСАК ұйымдарының жанындағы мобильді бригадаларға үлкен жүктеме түсіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, көбіне салтанатты іс-шараларға қатысқан және медициналық маскалар тағу талаптарын елемеген азаматтар жедел жәрдем қызметін жиі шақырады. Атап өтсек, астана әкімінің тапсырмасы бойынша мобильді бригадалар саны екі есе артты. Бұл жедел жәрдемнің, қаланың медициналық мекемелерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге көмектеседі. Тек вакцинация сіздің және жақын адамдарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

-->

"Өткен тәулікте 347 адам ауруханаға жатқызылды. Көріп отырғанымыздай, жағдай мәз емес. Оған қоса коронавирусы бар амбулаториялық науқастар саны да артты. Егер өткен аптада коронавируспен ауыратын 10 мыңнан астам адам үйде емделсе, бүгінде бұл сан 12 мыңнан асып кетті ", - деді мамандар.

Мамандардың айтуынша, науқастар санының өсуіне байланысты жедел жәрдем, оның ішінде МСАК ұйымдарының жанындағы мобильді бригадаларға үлкен жүктеме түсіп жатыр.

"Қоңыраулар саны 3 500-ге дейін жетеді. Коронавирусқа байланысты қоңыраулар тәулігіне 300-ге дейін жетті. КВИ белгілері бар пациенттердің көпшілігі (90%-дан астамы) екпе алмаған науқастар және медициналық көмекке кеш жүгінгендер, өзін-өзі емдеумен айналысқандар. Бригадалар пациенттерге келгенде, олардың бірінің сөйлеуге әлі келмей, кейбірі әрең демалып жатады. Стационарға барар жолда олар нашарлай бастайды, біз қолдан келгенді жасаймыз", - дейді ЖМК бригадасының фельдшері Азамат Әлкенов.