Елорда ержүректері

Елордалық дәрігерлер мен полицейлер тұрғындарды вакцина алуға шақырды

Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонентін 333 мыңнан астам қала тұрғыны алды. Вакцинация сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Аулаларды аралаудың мақсаты - көшпелі бригадаларға ақпарат беру. Ең алдымен, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар, яғни сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлік дүкендері, ХҚО, банктер және жұртпен тікелей байланыста болатын өзге де кәсіпорындар өз қызметкерлерін вакцинациялауы керек. [caption id="attachment_92966" align="alignnone" width="1280"] Фото: astana.gov.kz[/caption] Көшпелі бригадалар еңбек ұжымдарына ыңғайлы болу үшін жұмыс орнында вакцинациялайды. Сол сияқты оған жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да барып, вакцина ала алады. Бұдан басқа, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша мобильді бригадалардың саны артты. Бұл жедел жәрдем станциясының жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді әрі қала емханаларына септігін тигізеді. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес осы жылдың 2 тамызынан бастап «Ashyq» жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылатын болады. Бұл тәртіп орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ-қа, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қолданылмайды. «Ashyq» жобасы коронавирустың таралу қаупін азайтуға, сол арқылы қызметкерлер мен келушілерді қорғауға, сондай-ақ нысанның қызметін жалғастыруына мүмкіндік береді. [caption id="attachment_92967" align="alignnone" width="1280"] Фото: astana.gov.kz[/caption] Медицина қызметкерлері қала тұрғындарын вакцинациялауға, осылайша ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға шақырады.

-->