Елорда ержүректері

Елордалық студенттер «Stop Covid» акциясы аясында вакцина алды

Елордада аталған акция апта соңына дейін жалғасады. Жалпы алғанда елордада 51 мыңға жуық студент бар. Бүгінгі акция бойынша түрлі ЖОО-дан 70-ге жуық студент келіп Спутник-V вакцинасын алды.

Айта кетейік, алдағы таңда «Stop Covid» акциясы өзге қаладағы студенттерге эстафета ретінде жолданады.

-->
«Бүгін ерекше «Stop Covid» акциясы өтіп жатыр. Ел болып коронавирус инфекциясына қарсы тұру үшін жақсы иммунитет болу керек. Оны қалыптастырудың бірден-бір жолы - вакцина. Осы орайда бізге қолдау білдіріп отырған елордадың 15 ЖОО бар. Баршаңыз білетіндей, қыркүйек айында оқу оффлайн форматта болады. Көптеген ЖОО талаптарына сәйкес студенттерге білім алу үшін вакцина алу қажет. Вакцина алу мен алмау жекелеген адамның өзінің шешімі. Оған ешкімді міндеттемейміз. Сондықтан вакцина алам деушілер үшін қаланың барлық ойын-сауық орталықтарында, емханаларында т.б. жекелеген орындарда тегін түрде қызмет жүргізіліп жатыр», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.

Елордада аталған акция апта соңына дейін жалғасады. Жалпы алғанда елордада 51 мыңға жуық студент бар. Бүгінгі акция бойынша түрлі ЖОО-дан 70-ге жуық студент келіп Спутник-V вакцинасын алды.

«Мен Қазақ технология және бизнес университетінің студентімін. Бүгін «Абу-Даби Плаза» ойын-сауық орталығына вакцина алуға келдім. Ол менің өзімнің шешімім. Мен еліміздің барлық студенттерін вакцина қабылдауға шақырамын. Себебі біз бұрынғы қалыпты өмірге қайта оралуымыз қажет деп ойлаймын. Кинозалдар, ойын-сауық орталықтары мен театр сияқты орындар ыңғайлы қалыпқа келіп, бетпердесіз жүретін күндер туады деген үміттемін», — деді ҚазТБУ университетінің 3-курс студенті Данияр Бекетов.

Айта кетейік, алдағы таңда «Stop Covid» акциясы өзге қаладағы студенттерге эстафета ретінде жолданады.