Елорда ержүректері

Елордада вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер қалай ойнатылады

Пәтер ұтысы ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатысады. Оның қорытындысы қыркүйек айының басында жарияланады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Вакцина алғандарға құжат толтыру талап етілмейді. Оған астанадағы кез келген вакцинация пунктінде екпе алғандар қатысады. Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол жүлде иелерін вакцинациядан өткендердің ID генерациясымен таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық атсалысты. Бұл сервис Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Ал MEGA Silk Way СОО-ның вакцинация пунктінде екпе алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі апта сайын тікелей эфирде iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізеді. Бағалы сыйлықтың бәрі демеушілер есебінен ойнатылады. Ұтыс ойындары азаматтарды вакцина алуға ынталандыру үшін өткізіледі. Санитарлық нормалар әрі вакцинация сіздің денсаулығыңызды, айналаңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Вакцинация арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады. Ұжымдық иммунитет астана және тұрғындарын ешбір шектеусіз, карантинге дейінгі қалыпты режимге қайта оралуға мүмкіндік береді.

-->