Елорда ержүректері

Толыққанды отбасы болу үшін мәдениеті, діні, тілі қазақи болу керек – Медет Салықов

Осыдан 5 жыл бұрын елордада «Мерейлі отбасы-2016» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Конкурсқа қатысқан 94 шаңырақтың арасында топ жарған Салықовтар отбасы бас жүлде ­– «Оқжетпес» шипажайында демалуға мүмкіндік беретін сертификатты жеңіп алды. Шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше. Ұлттық байқауды өткізуді ­Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың желтоқсанында бекіткен болатын. Содан бері «Мерейлі отбасы» конкурсына 15 мыңнан астам отбасы қатысты. Әншілер жұбы Медет Салықов пен Клара Төленбаева үш бала тәрбиелеп отыр. Кейінгі жылдары қыздары Ақкербез бен Әйгерімді, ұлы Нұрсаматты кішкентайынан ән өнеріне баулып, сахнаға алып шығып жүрген оларды көпшілік өнерлі отбасы ретінде таниды.

Оларды тоғыстырған өнердің құдіреті. Бұл «шағын мемлекеттің» ерекшелігі – ұлттық мейрамдарда бір-біріне тосынсый әзірлеуді дәстүрге айналдырған.

Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық. Клара «Әңгіменің барлығы әнмен болды. Студенттік кештерде айтылған әндердің барлығы махаббат тақырыбы ғой, соның барлығы өзіме арналғандай болып тұрды» десе, Медет Салықов «Отау құрғаннан кейін нағыз махаббат басталды деп айтсам болады. Сол кезде «Жібек сезім» деген ән шықты. Сол ән Клараға арналған, қазіргі күні Клараның төлқұжатына айналды», - дейді. МузАрт тобының орын­­­­­­­­­­да­­у­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ын­­дағы «Мөлдіреген жанарың», Жаңабай Өтегеновтің «Аяла», Клара Төленбаеваның орындауындағы «Аққу арман», «Нағашыма», «Жібек сезім» әнімен елге танымал сазгер Медет Салықов – Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылының тумасы. Оның лейтенант әскери шені де бар.

Клара жастайынан әнге жақын болған. Өнер жолына анасының қалауы бойынша келген екен.

Клара Төленбаева отбасы мен кәсіптің арасынан бақыт тапқан. Ол бала тәрбиесіне қатты мән береді, кішкентайларына сабақ бірінші орында тұратынын үнемі ескертіп отыратынын жеткізді. Ал Медет Салықов бәрінің өнерге жақын екенін, оларды өнерді таңдауға еш мәжбүрлемегенін айтты. Өнер жолы – балаларының өз таңдауы.

Ақкербез Салықова мектеп табалдырығын өнер мектебінен аттаған. Қазір ­Назар­баев­ зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. Мектепте болатын интеллектуалдық үйірмелерді сабағымен қатар алып жүр. Ақкербез бала кезінен белсенді болыпты. Ән, би, көркемсөз, сурет, спорт, сәннен де байқауларда бақ сынап, өнерімен көпшілікті тәнті ететін. Бүгінде сурет салғанды жақсы көреді, жетігенде, гитарада ойнайды, ән айтады. 2018 жылы ­Назарба­ев­ зияткерлік мектебінің 10 жылдығына орай Елбасы үздік талантты оқушылармен кездескен болатын. Бұл қатардан ерекше білімімен көзге түскен Ақкербез де болды.

ДИМАШПЕН НЬЮ-ЙОРКТЕ ӘН АЙТТЫ

Медет Салықов пен Клара Төленбаеваның екінші қызы Әйгерім 2019 жылы Ақтөбеде өткен «Baqytty bala» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанып, Димаш Құдайбергеннің Нью-Йоркте өткен жеке концертінде өнер көрсетті. Байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Түркия, Беларусь және тағы басқа мемлекеттерден жас таланттар қатысты. Халықаралық доданың бас жүлдесін Әйгерім жеңіп алды. Димаш Құдайберген де арнайы сыйлығын тағайындап, өнерлі балаға өзімен бірге үлкен сахнада өнер көрсетуге алып шығуға уәде еткен еді. Нәтижесінде Америка сахнасында «Гауһартас» әнін орындады. Әйгерім түрлі деңгейдегі сахналарда өнер көрсетіп, әлемге қазақ халқын танытуды армандайды.

Сонымен қатар талантты қыздың «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқау­ы­на қатысқанын өнерсүйер қауым жақсы біледі.

ҒАЛЫМ БОЛАР МА ЕКЕНСІҢ…

Ал үйдің кенжесі Нұрсамат Салықов биыл №12 «Дарын» мамандандырылған лицейінде 4-сыныпты үздік тәмамдады. Футболға қатысады әрі «Балапан» телеарнасының жүргізушісі болып та үлгерді. Сонымен қатар өзін-өзі видео­ға түсіріп, оны музыкамен әрлегенді ұнатады. Өнерлі ортадан шыққан ұрпақтың әннен алыс болуы мүмкін емес екенін Нұрсамат та дәлелдеп жүр.

БАСТЫСЫ – БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. Клара ханым егеменді еліміздің ертеңі отбасылардағы ұл мен қыздың тәрбиесі мен білімінде жатқандығын үнемі назарда ұстайтынын айтты.

Осыдан 20 жыл бұрын өз алдына отау тіккен Салықов­тар шаңырағының өмірде де, өнерде де әлі талай асуларды еңсеретініне кәміл сенеміз. Мерейлі отбасының мерейі арта берсін!

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

-->

«Байқауға 100-ге тарта отбасы қатысты. Үшінші жыл қатарынан қатыстық. 2016 жылы бірінші орын бұйырды. Бұл – жанұямыздың жеңісі. Финалда 6 отбасы қалғанынан ғана хабардар болдық. Алғашқы орын екенімізді сахнаға шыққан сәтте бір-ақ білдік», - дейді әншілер жұбы.

Оларды тоғыстырған өнердің құдіреті. Бұл «шағын мемлекеттің» ерекшелігі – ұлттық мейрамдарда бір-біріне тосынсый әзірлеуді дәстүрге айналдырған.

«Махаббатымыз сонау консерваториядан басталды. Клара екеуміз Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда Бекболат Тілеухан ағамыздан білім алдық. Таныстығымыз сол жерден басталып еді. Біз отбасын құрғанда, ұстазымыз қатты қуанғаны есімде. Ұлттық мәдениетімізде ерекше орны бар, дәстүрлі әннің мектебін жалғастырып жүрген Клараны әрқашан қолдап отырамын. Жалпы үйде екі өнер адамы болған аса қиындық туғыза қоймайды», - дейді Медет.

Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық. Клара «Әңгіменің барлығы әнмен болды. Студенттік кештерде айтылған әндердің барлығы махаббат тақырыбы ғой, соның барлығы өзіме арналғандай болып тұрды» десе, Медет Салықов «Отау құрғаннан кейін нағыз махаббат басталды деп айтсам болады. Сол кезде «Жібек сезім» деген ән шықты. Сол ән Клараға арналған, қазіргі күні Клараның төлқұжатына айналды», - дейді. МузАрт тобының орын­­­­­­­­­­да­­у­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ын­­дағы «Мөлдіреген жанарың», Жаңабай Өтегеновтің «Аяла», Клара Төленбаеваның орындауындағы «Аққу арман», «Нағашыма», «Жібек сезім» әнімен елге танымал сазгер Медет Салықов – Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылының тумасы. Оның лейтенант әскери шені де бар.

«Меніңше, әскердің ер-аза­матқа берері көп. Әсіресе, отансүйгіштікке баулиды. Төзімді болуға үйретіп, қанатын қатайтады. Сондықтан әскерге баруды әр азамат өзінің мақсаты санауы керек», - деді ол.

Клара жастайынан әнге жақын болған. Өнер жолына анасының қалауы бойынша келген екен.

«Менімен тете өскен ағам, қазіргі таңда Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік театрдың әртісі Жанқалдыбек Төленбаевпен ән айтып, бала кезден өнерге жақын болдық. Өзім домбыраны үйреніп алып, ағам айтқан әндерді сүйемелдеп отыратынмын. Осыларды байқаған анам сауатты түрде нота танып, талғамды орындаушы, есер ән емес, есті ән айтатын әнші болғанымды қалады», - дейді ол.

Клара Төленбаева отбасы мен кәсіптің арасынан бақыт тапқан. Ол бала тәрбиесіне қатты мән береді, кішкентайларына сабақ бірінші орында тұратынын үнемі ескертіп отыратынын жеткізді. Ал Медет Салықов бәрінің өнерге жақын екенін, оларды өнерді таңдауға еш мәжбүрлемегенін айтты. Өнер жолы – балаларының өз таңдауы.

«Өнерлі отбасында өсу – мен үшін мақтаныш. Ата-анаң елге танымал әнші болса, сол биікке өзің де талпынасың», - дейді әншілердің тұңғыш қызы Ақкербез.

Ақкербез Салықова мектеп табалдырығын өнер мектебінен аттаған. Қазір ­Назар­баев­ зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. Мектепте болатын интеллектуалдық үйірмелерді сабағымен қатар алып жүр. Ақкербез бала кезінен белсенді болыпты. Ән, би, көркемсөз, сурет, спорт, сәннен де байқауларда бақ сынап, өнерімен көпшілікті тәнті ететін. Бүгінде сурет салғанды жақсы көреді, жетігенде, гитарада ойнайды, ән айтады. 2018 жылы ­Назарба­ев­ зияткерлік мектебінің 10 жылдығына орай Елбасы үздік талантты оқушылармен кездескен болатын. Бұл қатардан ерекше білімімен көзге түскен Ақкербез де болды.

ДИМАШПЕН НЬЮ-ЙОРКТЕ ӘН АЙТТЫ

Медет Салықов пен Клара Төленбаеваның екінші қызы Әйгерім 2019 жылы Ақтөбеде өткен «Baqytty bala» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанып, Димаш Құдайбергеннің Нью-Йоркте өткен жеке концертінде өнер көрсетті. Байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Түркия, Беларусь және тағы басқа мемлекеттерден жас таланттар қатысты. Халықаралық доданың бас жүлдесін Әйгерім жеңіп алды. Димаш Құдайберген де арнайы сыйлығын тағайындап, өнерлі балаға өзімен бірге үлкен сахнада өнер көрсетуге алып шығуға уәде еткен еді. Нәтижесінде Америка сахнасында «Гауһартас» әнін орындады. Әйгерім түрлі деңгейдегі сахналарда өнер көрсетіп, әлемге қазақ халқын танытуды армандайды.

«Мен елімізде Димаштай тұлға бар болғанын мақтан тұтамын. Оған ұқсағым келеді. Димаш сияқты ұлттық болмысымды және қарапайымдылық қасиетін сақтап қалғым келеді. Елімнің мәртебесін асқақтатсам деймін», - дейді ол.

Сонымен қатар талантты қыздың «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқау­ы­на қатысқанын өнерсүйер қауым жақсы біледі.

ҒАЛЫМ БОЛАР МА ЕКЕНСІҢ…

Ал үйдің кенжесі Нұрсамат Салықов биыл №12 «Дарын» мамандандырылған лицейінде 4-сыныпты үздік тәмамдады. Футболға қатысады әрі «Балапан» телеарнасының жүргізушісі болып та үлгерді. Сонымен қатар өзін-өзі видео­ға түсіріп, оны музыкамен әрлегенді ұнатады. Өнерлі ортадан шыққан ұрпақтың әннен алыс болуы мүмкін емес екенін Нұрсамат та дәлелдеп жүр.

БАСТЫСЫ – БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

«Байқаудың маңызы зор. Соңғы уақытта елімізде ажырасу белең алуда. Ұлттық құндылықтардан ажырап бара жатқандықтан отбасылардың ойраны шығып, ажырасу жылдан-жылға көбейіп, арадағы бала тағдыры тәлкекке түсіп жатыр. Оның алдын алудың бір жолы үлгілі отбасыларды насихаттау керек, көпке көрсету керек деп ойлаймын. «Шағын мемлекеттің» мәдениеті, салт-санасы басқаларға үлгі болу керек. Осындай үлгілі отбасылар көбейсе, еліміз дамиды. Қазақ отбасылары қашан да елін сүйетін, жерін қадірлеген. Сол қасиетті сақтап қалуымыз керек. Бала тәрбие­сіне аса қатты мән беремін. Жалпы толыққанды отбасы болу үшін мәдениеті, діні, тілі қазақи болу керек деп есептеймін. Отбасында балаларға екі жақты қатал болуға тырысамыз. Дегенмен қыздарыма жұмсақтық танытып қоямын», - дейді М.Салықов.

«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. Клара ханым егеменді еліміздің ертеңі отбасылардағы ұл мен қыздың тәрбиесі мен білімінде жатқандығын үнемі назарда ұстайтынын айтты.

«Байқауға біршама отбасы қатысты және әрқайсысы әр саладан болды. Азды-көпті елге танылған отбасы болдық. Әділқазылар сол жағына көбірек мән берген сияқты. Біз ұлттық өнерді насихаттаймыз, балаларымызды да домбыраға баулыдық. Әрдайым қазақи нақыштағы әндерді насихаттап жүретінімізді ескеріп, жоғары бағасын берді деп ойлаймын. Отбасында аса қатал қағидалар жоқ. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, біз де ата-анамыздан алған тәрбиемізді берудеміз. Балаларымыз елінің патриоты болса дейміз. Ұлттық өнерге баулып келеміз. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туа біткен қасиеттер сияқты ұлттық, рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ», - дейді ол.