Елорда ержүректері

«Жүректен жүрекке»: Елордада 100 отбасына азық-түлік себеттері таратылды

«Жүректен жүрекке» акциясында көпшіліктің, еріктілердің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және жалғызбасты жандарға материалдық көмек көрсетіледі. Азық-түлік себеттерінде балаларға арналған тәттілер, отбасына қажетті дүниелер салынған. Біздің мақсатымыз – олардың өмірлерін түбегейлі өзгертпесек те, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде аз да болса жақсы көңіл-күй әрі қуаныш сыйлау», - дейді акцияны ұйымдастырушы Алпамыс Шаримов.

Қайырымдылық акциясында Нұр-Сұлтан қаласының 100 белсенді жасы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100 отбасына сыйлыққа толы қорапша таратты. «Әкімдік пен еріктілерге азық-түлік түрінде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, көмек көрсеткендеріңізге рақмет», - дейді жалғызбасты ана Ақтоты Нұрланқызы. «Бізді естен шығармайсыздар, осы жолы да көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Баршаңызға амандық тілеймін!» - деді еріктілерге риза болған тұрғын Нұрлан Ештайұлы.

--> «Жүректен жүрекке» акциясында көпшіліктің, еріктілердің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және жалғызбасты жандарға материалдық көмек көрсетіледі. Азық-түлік себеттерінде балаларға арналған тәттілер, отбасына қажетті дүниелер салынған. Біздің мақсатымыз – олардың өмірлерін түбегейлі өзгертпесек те, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде аз да болса жақсы көңіл-күй әрі қуаныш сыйлау», - дейді акцияны ұйымдастырушы Алпамыс Шаримов.