Елорда ержүректері

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында iPhone-12 мен басқа бағалы сыйлықтардың кезекті ұтысы өтеді

Әкімдік мәліметінше, бас қалада вакцинацияланғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кезекті екі iPhone-12 әрі басқа да құнды сыйлықтардың үшінші ұтыс ойынына 17 шілде мен 23 шілде аралығында вакцинацияланғандар қатысады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Оған арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Ұтыс тікелей эфирде 24 шілде (сенбі) күні сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында өтеді. Астана әкімдігі iPhone-12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын апта сайын, жаздың соңына дейін өткізеді. Бұған дейін төрт iPhone-12 әрі басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны 9 мен 17 шілдеде өтті. Ол кезде автоматты ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап 16 шілдеге дейін екпе алғандар қатысты. Жүлделердің ұтыс ойыны демеушілер есебінен өткізіледі. Birge (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол вакцинацияланғандар арасында ID нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакцинацияланғандар сервисі денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Айта кетсек, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өтіп жатыр. Олардың арасында екі бөлмелі пәтер де бар. Осы жылдың 25 маусымы және 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған әрі 18 жастан асқан қала тұрғындары Нұр-Сұлтанда екі бөлмелі пәтер ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі. Сондай-ақ MEGA Silk Way СОО-дағы вакцинация пунктінде екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді. Астанадағы ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын, жақындары мен айналасындағы жандардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.

-->