Елорда ержүректері

Құрбан айтта көпшілік жиындардан бас тартыңыздар – елорданың бас санитар дәрігері

Бұған дейін Құрбан айтта елорда мешіттерінде айт намазы оқылмайтынын хабарлаған едік.

-->
«Нұр-Сұлтанда өткен жылғыдай орын алған Covid-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай Құрбан айт мерекесін толық көлемде атап өтуге мүмкіндік бермей жатқанын көріп тұрмыз. Қалада соңғы үш күнде тәулігіне мыңнан астам коронавирус жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте 1 549 жағдай тіркелген. Өсім 1,9 пайызды құрады. Соңғы аптада Covid-тің 7 989 жағдайы тіркелді. Бұл алдыңғы аптадан 44,23 пайызға жоғары. Жағдайлардың орташа тәулікте тіркелуі 950-ден 1 550-ге дейін өсті. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші 540,7-ден 670,2-ге дейін өсті. Күрт өсудің негізгі себептері бұрынғыдай – халықтың шектеу талаптарын сақтамауы, бетперде киюді ескермеуі. Жоғарыда айтылғандармен қоса, қала тұрғындары арасында коронавирус ауруының сақталып отырған жоғары деңгейін ескере отырып, Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мұсылмандар мерекесі күндеріндегі шектеу іс-шаралары туралы қаулыға қол қойылды. Біз тұрғындарды жақындары мен туыстарына айттап барудан, көпшілік жиындардан бас тартуға шақырамыз. Бұл шаралар тұрғындар арасында ковидті жұқтыру және таралу қаупін болдырмау үшін қабылданды», - деді Бейсенова «Карантин жағдайында Құрбан айт мейрамын өткізу» атты онлайн брифингте.

Бұған дейін Құрбан айтта елорда мешіттерінде айт намазы оқылмайтынын хабарлаған едік.