Елорда ержүректері

Нұр-Cұлтанда COVID-19 бойынша жедел жәрдем шақырту көбейді

Әкімдік мәліметінше, коронавирусқа байланысты күніне 300-ге жуық қоңырау түседі. «Елордада жедел жәрдем қызметіне жүктеме тағы да артты. Қаладағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел медициналық жәрдем станциясына күніне 3-3,5 мыңға дейін өтініш келіп түседі», - делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. Қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі Бота Сәдетханның айтуынша, КВИ, ЖРВИ және пневмония бойынша хабарласатындар саны артты. «Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда қазір жедел жәрдемге хабарласатындар саны 40%-ға дейін өсті! Соңғы аптаның өзінде КВИ-ға байланысты қоңыраулар саны 1,5 есе, яғни тәулігіне 179-дан 300-ге дейін өсті», - дейді Бота Сәдетхан. Өткен жылы жазғы кезеңде жедел жәрдем бригадалары 18 мыңнан астам шақыруға қызмет көрсеткен. Олардың басым бөлігі коронавирустық инфекция бойынша жүгінген. Диспетчерлер КВИ мәселелеріне қатысты 9,5 мың өтініш бойынша кеңес берді. Қазір елордада коронавирус індетінің өскені байқалады. Өткен тәулікте 219 адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. КВИ емдеу үшін 14 стационар жұмылдырылды. Қала бойынша барлығы 1 600-ден астам пациент стационарлық емделуде, оның ішінде 1 400-ден астамы КВИ-мен, қалғаны – пневмония. Төсек жүктемесі 75%-ды құрайды. Реанимация бөлімшесінде 104 пациент бар, оның ішінде ауыр дәрежеде – 48 адам, аса ауыр дәрежеде – 56 науқас. Вакцинация ғана өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жұрттың денсаулығын қорғайды. Науқастар санын азайтып, коронавирусты жеңу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет.

-->