Елорда ержүректері

Бір-біріне жәрдемші

Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар өздері осы бастаманы көтеріп қала әкімі Алтай Көлгіновтың қабылдауында болған еді. Қала әкімі осы ұсынысты басшылыққа ала отырып «Бақытты шаңырақ» орталығын ашты. Бұл орталық толыққанды үкіметтік емес ұйымның құзырында. Сондықтан орталықтың жұмысы мен жоспарына қалалық әкімшілік араласпайды. Тек жұмыс істеулеріне жағдай жасаған. Бұл аналардың бастамасымен елордада ашылған 12- орталық. Мұндай нысандардың әрқайсында 10-15 дейін аналар жиналып, арнайы психологиялық тренингтерден өтіп, өздері сияқты отбасыларға көмектесуде. Осылайша олар мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы арқылы тұрақты жұмыс атқарып, айлық алып отыр. «Бақытты шаңырақ - ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардың бірлестігі. Бүгін 3 айлық психологиялық тренингке қатысқан аналарға сертификат табыстадық. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда 6 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы бар. Солардың қай-қайсына психологиялық, әлеуметтік көмек қажет болған жағдайда арнайы дайындықтан өткен аналар барып жәрдемдеседі. Мұндай санаттағы отбасылардың мұңы да проблемасы да бір. Көп жағдайда ерекше балаларды асырап отырған отбасылар өзі сияқты қиындық көрген отбасылардан басқа ешкімге сене бермейді. Сондықтан дәл осындай психологтардың көмегіне сұраныс мол. Бұл орталық қалалық әкімшіліктің тікелей қолдауымен ашылған. Ғимарат, аналардың оқуы, «Еңбек» бағдарламасы арқылы жұмысқа тіркелуі сынды шаралардың барлығы әкімдіктің жетекшілігімен жүзеге асты. Бір ай бұрын осы орталықтың ашылуына жиналсақ, бүгін аналарға психологиялық білім алғанын дәлелдейтін сертификаттар табыстадық. Енді дайындықтан өткен орталық мамандары отбасылардың үйлеріне барып психологиялық, әлеуметтік жағынан көмектеседі», - деді қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов. «Бақытты шаңырақ» қорының негізін қалаушы Ботагөз Сұлтанова ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп жатқан әйелдер өздерінің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын жоғалтатынына бір емес, бірнеше мәрте көз жеткізген. «Бақытты шаңырақ» ерекше қажеттілігі бар балалары бар отбасыларға көмек көрсетеді. Қор мүгедек бала тәрбиелеп жатқан отбасыларды барынша қолдау мақсатында құрылды. Біз ұзақ ойланып, осындай қор құру туралы шешімге келдік және отбасылардың бүкіл мүшелеріне жан-жақты көмек көрсетеміз деп шештік. Өйткені психологиялық көмек тек балаларға ғана емес, отбасының әрбір мүшесіне қажет», - дейді Ботагөз Сұлтанова. Айта кету керек, «Бақытты шаңырақ» қоры Қошқарбаев, 50 мекенжайында орналасқан. Қаламыздағы кез келген ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасы қордың көмегіне жүгіне алады. Байланыс телефондары: 8 702 182 80 92, 8 702 409 58 54.

Көктем ҚАРҚЫН

-->