Елорда ержүректері

Қоғамдық көлік мүгедектерге қаншалықты қолжетімді?

АВТОБУСТАРДЫҢ 76 ПАЙЫЗЫ ПАНДУСТАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН Алғашқы баяндамашының мәлімдеуінше, қазіргі таңда елордада 6 автобус паркінің 1149 автобусы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға мініп-түсуге ыңғайлы болуы үшін 988 автобус траппен жабдықталған. «Автомобиль көлігі туралы» заңға сәйкес жолаушыларды тасымалдауға конкурс жарияланғанда басымдық арбаға таңылған мүгедектерге тиісті жағдай ұсына алатын тасымалдаушыларға беріледі. Қаланың Көлік қызметкерлерінің біліктілігі орталығында жүргізушілерге мүмкіндігі шектеулі жолаушылармен қалай жұмыс істеу керектігі оқытылады. Бекмырза Игенбердиновтің баяндауынша, осы күні қаладағы автобустардың 76 пайызы пандустармен жабдықталған. Осы көрсеткіш жағынан елорда бірінші орында келе жатыр. Ал пандустар жоқ автобустар 2013 жылға дейін бағдарларға шығарылған. Олар жаңартылатын болады. – Қала әкімдігінің келісімімен экспресс-бағдарларды тоқтатып, қала бағдарларын күшейттік. Осы күнге барлық тұрғын алаптар 100 пайыз автобустармен қамтылған. Төтенше жағдай уақытында қоғамдық көлік медицина мекемелеріне және індетке қарсы күрескен қыз­меттерге қызмет көрсетті. Сол уақытта күн сайын 62 ұйымның 7 мыңнан астам қызметкерін 200-ден аса автобус тасымалдады, – деді Б.Игенбердинов. ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНДЕ «BUS LANE» ЕНГІЗІЛЕДІ Оның айтуынша, 2020 жылдан бері қарай бес жаңа бағдар іске қосылып, 21 бағдардың схемасы жақсартылды. 20 учаскеде қоғамдық көліктің мәселелері шешіліп, 20 көше мен 15 учаскеде автобус­тардың қолжетімділігі артты. Атап айтқанда, 20 бағдарда қоғамдық көлік саны 52-ге көбейді. 10 бағдарда автобустар жаңартылды. Соның ішінде жаңа электробустар жолға шығарылды. 50 шынылы аялдама павильоны мен 33 жылы аялдама орнатылды. – «Bus lane» бар аймақтарда автобустардың жүру уақыты орташа есеппен алғанда 12,5 минутқа қысқарды. Бүгінгі күнге дейін ұзындығы 72,6 шақырымды құрайтын 25 учаскеде автобус жолағы енгізілді. Биыл бұл Тұран, Қабанбай батыр және Ұлы дала даңғылдарында іске қосылды. 26 маусымнан бастап «Bus lane» Абылайхан даңғылында енгізілді. Ал шілде айының басында Түркістан көшесінде болады. 2022 жылы автобус жолағы 10 учаскеде іске қосылады. Оның ұзындығы – 20 шақырым. Бұл жұмыс автобустардың жүру уақытын 14 пайызға қысқартады, – деді Б.Игенбердинов. Көлік қызметкерлерінің біліктілігі орталығында онлайн сабақтар енгізілді. Өткен жылы сонда 1400-ден аса адам, ал биылғы жартыжылдықта 626 адам оқытылды. Бұл орталықта коммуналдық қызметтер жүргізушілерінің біліктілігін арттыру курстары да енгізілген. – Тасымалдаушылар тарапынан 2500-ден астам бұзушылық анықталды. Төлемнен жалтырудың 318 мыңнан астам жағдайы тіркелді. 6800-ден аса жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 360 фактісі белгілі болды. Авто­бустардың қатысуымен 1017 жол-көлік оқиғасы орын алды, – деді ­Б.Игенбердинов. АРНАЙЫ ТЕХНИКА ЖОЛДА ТҰРМАЙДЫ Өткен жылдың наурыз айында көлік картасы бар қаланың және қала маңындағы елді мекендердің 18 жасқа дейінгі балаларына ақысыз жол жүру енгізілгенін айтқан баяндамашы электронды төлем жүйесі 100 пайызға жеткенін атап өтті. Яғни, қолма-қол ақшамен есеп айырысу жойылды. Интеллектуалды көлік жүйесіне 596 бағдаршам нысанының 236-сы қосылды. Жолаушыларға ақпарат беретін 186 табло орнатылды. Алда тағы 257 бағдаршам нысаны тиісті жүйеге қосылып, қосымша 110 табло орнатылады. – Былтырғы наурызда жедел жәрдем көліктеріне қиылыстардан өту кезінде басымдық берілді. Бұл жұмыс медицина көліктерінің жол жүру уақытын 30 пайызға қысқартты. «Астана тазалық» ЖШС-мен арнайы техниканы диспетчерлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сол арқылы адамдар көшеде көп жүретін уақытта арнайы техника жолда тұрмайтын болды. Олар түнгі мезгілде немесе адамдар аз уақытта жұмыс істейді, – деді Б.Игенбердинов. Өткен жылы «Astana bike» жобасы «City transportation systems» ЖШС басқаруына берілді. Бұған 155 велостанса мен 1078 велосипед кіреді. Қазір бұл қызметті 14 мыңнан астам адам пайдаланады. Соның ішінде 17 сұранысы аз велостанса анықталды. Олар жуық арада басқа жерге көшіріледі. – Қоғамдық көлік желісін жақсарту үшін биыл бірқатар жұмыстарды жоспарлап қойдық. 2021 жылдың аяғына дейін жаңа 8 автобус бағдары іске қосылады. Олардың есебінен кестеге өзгеріс енгізіледі. 8 бағдар түзетіледі. Әлеуметтік бағдарларда автобустар саны артады. Электронды төлем жүйесі онлайн режимге көшіріледі. Велостансалар мен велосипедтер көбейтіледі, – деген ­Б.Игенбердинов проблемаларды да атап өтті. Бұл тарапта тасымалдаушыларды субсидиялау, тарифтерді қайта қарау, әлеуметтік маңызды бағдарларды бекіту секілді мәселелер бар. ЖОЛАУШЫЛАР НЕГЕ ШАҒЫМДАНАДЫ? iKomek орталығына келіп түскен шағымдардың 65 пайызы №1 автопарк жұмысына қатысты екен. Мұны айтқан мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Батыр Котырев осының себебін сұрады. Аты-жөнін айтпаған №1 автобус паркінің директоры бұл қызметке 14 маусым күні ғана тағайындалғанын айта келе, шағымдарға байланысты тиісті шаралар бірден қолданылатынын жеткізді. Ал шағымдар негізінен интервалдың ұзақтығына, кешкі мезгілде автобустарды көп күтетіндеріне, жүргізушілердің дөрекілігіне келіп түседі. Автобус­тардың санитарлық жағдайына шағымданатындар да бар. Депутат Ерлан Дәкенов автобустарды тексеру кезінде біраз пандус жұмыс істемейтіні, №7 автобус паркінде жүргізушілермен тұрақты нұсқаулық өткізілмейтіні, ал «Агроқалашық» тұрғын алабына қатынайтын №5 және №16 бағдарлардағы кейбір автобустарға мүгедектер арбасы сыймайтыны анықталғанын жеткізді. Оның әріптесі Серік Түсіпов қарбалас уақытта автобустар санын көбейтуді ұсынды. – Мәңгілік ел даңғылында сағат 17.30-дан бастап кептелістер басталады. Бұл даңғыл мен Сығанақ көшесі қиылысатын тұстан жаяу жүргіншілерге жүру мүмкін емес еді, қазір тиісті өткел салынып жатыр екен. Дұрыс, бірақ Қалдаяқов көшесіне қарай жалғыз №21 бағдар ғана жүреді, – деді С.Түсіпов. Депутат Нұрдәулет Оразханов Заречный кентіне бұрын қатынаған №19 бағдар неге жойыл­ғанын сұрады. Отырыста кейбір автобустар мүгедектер арбаларына арналған белдіктермен жабдықталмағаны, қоғамдық көліктер істен шыққан пандустармен бағдарға шығатыны айтылды. Қорытындысында депутаттар анықталған барлық кемшіліктерді жоюды ұсынды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл ­Шағалтаева қоғамдық көлікте бетперде тағу бойынша ескертулер бар екенін, әсіресе, қарбалас уақытта бетперде режимін сақтамау орын алатынын айтып өтті. Автобустарды санитарлық өңдеу бойынша бақылау мен мониторингті күшейтуді, қоғамдық көлікті Ashyq қосымшасына қосу мүмкіндігін ойлас­тыруды ұсынды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

-->