Елорда ержүректері

Елордалық балалар пицца әзірлеуді үйренді

«Қайырымдылық шарасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» ұранымен «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы аясында өтуде. Бұл – кәсіпті игерген қазақ қыздары ұйымдастырған игі шара. Себебі білікті аспаз, кәсіпкер Дильназ Юланова көпбалалы отбасылардың балаларына ас әзірлеуден тегін мастер-клас өткізуді ұсынды. Игі істі біз де қолдадық. Бұл шараның маңызы зор, карантин жағдайында балалардың жазғы демалысын қызықты өткізу үшін септігін тигізеді деген ойдамын. Елордадағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты шараны онлайн форматта жалғастыру жоспарда бар. Жалпы бастаған ісіміз аяқсыз қалмайды, шара жалғасын табады» — деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева.

Балалармен жұмыс істеу қиындық тудырмайтынын айтқан «Muskat food» аспаздық студиясының директоры Дильназ Юланова алдағы уақытта балалардың аналарына да шеберлік сабақтарын ұйымдастыратынын жеткізді. «Менің негізгі мамандығым мұғалім болғандықтан балалармен тіл табысу оңай. Бүгінгі шараға көпбалалы, жалғызбасты отбасыдан шыққан 4-15 жас аралығындағы балғындар қатысып отыр. Балалар пиццаның түр-түрін пісіріп, тәттілерге қарық болды. Олар қуанса, өзімді бақытты сезінемін. Шараны әр апта сайын қыркүйек айына дейін жалғастыру жоспарда бар. Сонымен қатар көпбалалы, жалғызбасты аналарға да ас әзірлеуден тегін шеберлік сабақтары ұйымдастырылады» — деді ол. Бүгінгі кештің қонағы Томирис Асқарова – 15 жаста. Ол қазірден тәтті әзірлеудің қыр-сырымен танысып, болашақта өз кәсібін ашуды армандайтынын айтты. «Бүгінгі шара туралы әлеуметтік желіден көрдім. Мен болашақта аспаз болғым келеді. Сол мақсатымды орындау үшін қатысып отырмын. Бүгін бұрын білмеген, естімеген ақпараттар алдым. Мастер-кластар жиі ұйымдастырылса, жақсы болар еді. Алдағы уақытта тәтті торт пісіруде үйренгім келеді» — деді ол.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

--> «Қайырымдылық шарасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» ұранымен «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы аясында өтуде. Бұл – кәсіпті игерген қазақ қыздары ұйымдастырған игі шара. Себебі білікті аспаз, кәсіпкер Дильназ Юланова көпбалалы отбасылардың балаларына ас әзірлеуден тегін мастер-клас өткізуді ұсынды. Игі істі біз де қолдадық. Бұл шараның маңызы зор, карантин жағдайында балалардың жазғы демалысын қызықты өткізу үшін септігін тигізеді деген ойдамын. Елордадағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты шараны онлайн форматта жалғастыру жоспарда бар. Жалпы бастаған ісіміз аяқсыз қалмайды, шара жалғасын табады» — деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева.