Елорда ержүректері

Бүгін «Вакцина ал - машина ұтып ал» акциясы басталды

Әкімдік мәліметінше, «MEGA Silk Way» СОО, «Астана Моторс» ҚМК және қала әкімдігі бірлесіп, «Вакцина ал - машина ұтып ал» акциясын бастайды. 23 маусым мен 31 тамыз аралығында «MEGA Silk Way» СОО-да COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қазақстандықтар «Астана Моторс» компаниясынан Hyundai Accent автокөлігін ұтып ала алады. Акцияның бас серіктесі - «Астана Моторс» ҚМК. Финалдық ұтыс ойынын 5 қыркүйек күні MEGA Silk Way СОО Instagram арқылы тікелей эфирде өткізеді. Сонымен қатар апта сайын 23 маусымнан 31 тамызға дейін аралық сыйлықтар ойнатылады - тұрмыстық техника, түрлі сертификаттар әрі тағы басқалар. «Астана Моторс» автокөлігінің ұтыс ойынына 18 жастан асқан және 23 маусым мен 31 тамыз аралығында ковид вакцинасының бірінші компонентін алған қазақстандықтар қатыса алады. Бұл акцияның мақсаты - Қазақстанда вакцинация қарқынын ынталандыру. Вакцина - коронавирустан қорғанудың жалғыз, тиімді жолы. Мұндай акциялар түрлі елде сәтті өтіп жатыр. Жақында Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль әрі т.б. үкіметтері вакцинацияланғандар арасында автокөлік ұтыс ойынын өткізуді қолға алған болатын. «Вакцина ал - машина ұтып ал» акциясы туралы толық ақпаратты mega.kz сайтынан және MEGA-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан алуға болады. Бұдан басқа «Азия Парк», Mega Silk Way, «Сарыарқа», «Абу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия» СОО-да тұрмыстық әрі компьютерлік техника түріндегі бағалы сыйлықтар ойнатылады, сол сияқты жеңілдік купондары беріледі. Сондай-ақ бұл акцияға «Мечта» электроника мен тұрмыстық техника дүкендерінің сауда желісі қосылады.

-->