Елорда ержүректері

Елордада күзет полициясының жеке құрамы арасында іс-шара өтті

Шара барысында мемлекеттік ту көтеріліп, гимн орындалды. Сондай-ақ жас қызметкерлерден ант қабылданды. «Бүгін, 23 маусым - Қазақстан полициясы күні. Сол себепті біз Нұр-Сұлтан қаласының күзет полициясында еңбек сіңірген ардагерлерді қонаққа шақырдық. Министрліктің жарлығымен оларға алғыс хат табыстадық. Сонымен қатар жұмыста табысқа қол жеткізген қызметкерлерді марапаттап, құрамдағы барлық қызметкерге ақшалай сыйақы бердік», - деді полиция полковнигі, басқарма бастығы Батырбек Бабаев. Мерекеге арнайы келген қонақтар ішінде ішкі істер ардагері, отставкадағы милиция полковниктері Жолман Алимагамбетов пен Бегайдар Майкибаев болды. Аталған шарада күзет полициясында 25 жылдан аса адал қызмет етіп зейнетке шыққан Нұрлан Амангелдұлына сый көрсетіліп, шапан жабылды. «Осы салада жүріп, ұзақ жыл қызмет етіп зейнетке шығып жатқаным үшін өте қуаныштымын. Мені елеп, құрмет көрсеткен басшылыққа алғысым шексіз. Әріптестеріме айтарым, полиция қызметін таңдадыңыздар ма, онда адал, таза жолмен соңына дейін жетіп, мен сияқты зейнетке жетіңіздер. Бұл жолда жүрген кездер мен үшін ыстық әрі ерекше. Үйлі болдық, түрлі жетістікке жеттік», - деді Нұрлан Амангелдіұлы.

-->