Елорда ержүректері

Жүз адамға үйлену тойын өткізген мейрамхана анықталды

Әкімдік мәліметінше, өткен тәулікте, яғни 20 маусымда қаланың мониторинг топтары карантин шектеулерін бұзған 10-ға жуық мекемені анықтады. Мәселен Байқоңыр ауданында орналасқан «Сері» тойханасында ұжымдық іс-шара өткізілді. Ал Алматы ауданындағы Versal 777 100 адамға арнап үйлену тойын өткізді. Сондай-ақ «Панаехали» барында карантин талаптары бұзылғаны белгілі болды. Сарыарқа ауданында орналасқан Brio караоке клубы жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдады. Есіл ауданындағы Infornо мейрамханасы, Alanya караоке-мейрамханасы, «Текила» бары, Аura түнгі клубы есігін жауып алып, жұмыс істеді. The Kitchen мейрамханасы мен Star Pub барының қызметкерлері де маска режимін сақтамады. Карантинді бұзушыларға қатысты жиналған материалдың бәрі әкімшілік шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына берілді. Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақтан» шыққан жоқ. Сондықтан елорда тұрғындары және қонақтары, сонымен қатар кәсіпкерлік нысандары коронавирустың одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормаларды, карантин режимін, санитарлық дәрігердің ұсыныстарын қатаң ұстануы тиіс.

-->